ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 4-сыныбына арналған)
№
|
Бөлімдер мен тараулар
|
Тақырыптар
|
Са-ғат
|
1
|
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар.
1. Вербальді емес қарым-қатынас
|
Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика).
|
1
|
Сезім тілі (мимика).
|
|
|
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі)
|
Іскерлік қарым-қатынас
(Қарым-қатынас қызметі)
|
1
|
Эмоциялық қарым-қатынас
|
1
|
Танымдық қарым-қатынастар.
|
1
|
|
3. Менің «Мен» құпиям.
|
Мен кіммін?
|
1
|
|
4. Мен және басқалары
|
Достық..
|
|
1
1
|
Жанжал (қиын жағдайдағы менің тәртібім)
|
|
|
5. Мен және ересектер әлемі
|
Менің жанұям ( жақындарымен арадағы өзара қатынас)
|
1
|
Көше (менің ауладағы, көліктегі және т.б. тәртібім).
|
|
ІІ
|
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар.
|
Қол саусақтарының және қол басының қимылын дамыту.
|
1
|
Еркін зейінді дамыту.
|
3
|
ІІІ
|
Сенсориканы дамытатын ойындар
1. Пішінді ерекшелеу және пішінді қабылдау.
|
Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау.
|
1
|
|
2. Көлемді ерекшелеу және қабылдау.
|
Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау.
|
1
|
|
3. Түсті салыстыру және ажырату.
|
Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату.
|
1
|
|
4. Заттың бүтіндігін қабылдау және осы заттың жеке бөліктерін сезіну.
|
Бүтін және бөлшек.
|
1
|
|
5. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау.
|
Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістіктік қатынасты қабылдау.
|
1
|
|
6. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау.
|
Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
|
7. Тактильді-қимылдық қабылдауды дамыту.
|
Заттарды тактильді-қимылдық қабылдау.
|
1
|
|
8. Есту арқылы қабылдауды дамыту.
|
Сөйлеу тілі емес есту қабілетін дамыту.
|
1
|
Сөйлеу тілі есту қабілетін дамыту.
|
1
|
ІV
|
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін дамыту ойындары.
|
Есте сақтауды дамыту.
|
3
|
Көрнекі-бейнелік ойлау қызметін дамыту.
|
2
|
Логикалық ойлау элементтерін дамыту.
|
3
|
Елестету элементтерін дамыту.
|
3
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
34
|
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: баланың сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ барлық жағдайдағы жағымды адамгершілік ерік қасиеттерін жетілдіру; жағымсыз тәртіп және қары-қатынас дағдыларының кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Ишырат және мимика көмегімен берілген адамның эмоциялық жағдайын беру және анықтауға арналған мини конкурстар («Айт және көрсет»).
Тұрған, жүрген және басқа да айқын қимылдарды зерттеуге берілген этюдттер: «Қалыпыңды көрсет», «Егер де...», «Кішкентай мүсінші».
Жағымды және жағымсыз эмоциялық жағдайларды бере білуді дамыту этюдтары: «Солтүстік полюсы», «Ой, ішім ауыралды», «Кір», «Кінәлі», «Мейрім», «Тәтті кәмпиттер», «Дөңгелек көздер» және т.б.
Сахыналау ойыны: «Өкпелестік – татуластық».
Ойындар: «Менің автопортретім», «Мен басқалардың, парталас көршімнің көзімен қарағанда қандаймын».
Досыңа сыйлықтың суретін сал.
Сенің қылығыңа сәйкес келетін жүректің суретін боя.
Сыйласымдық туралы айтылған сөйлемдерді жымиған жүрекпен белгіле және оны жалғастыр. Адамды сыйлау дегеніміз, бұл:
А) оған көңіл бөлу;
Б) оның пікірін тыңдау;
В) онымен сыпайы сөйлесу;
Г) қажет болған жағдайда, оған көмектесу;
Д) ........................;
Е) ........................ .
Әңгіме: Сенің жанұяңда қандай салт-дәстүрлер бар?
Жағдаятты сахналау: Жазғы демалысқа ауылға келген Тимурдан әжесі бұлақтан су алып келуін өтінді, ал сол кезде теледидардан қызық мультфильм болып жатыр еді. Ары қарай не болды?
Достарыңызбен бөлісу: |