Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден –оның қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыжәне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды.неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы және дерексіз. Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б. Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.