«Ойлау типі» әдістемесі



Дата27.12.2016
өлшемі55 Kb.
#6208
«Ойлау типі» әдістемесі

Ойлау типі-ақпаратты жөндеудің жеке қабілеті. Өз ойлау типін біле тұра, кәсіби іс-әрекеттердегі нақты түрлерінде табыстықты болжауға болады. Бірақ ойлау типінен басқа адам белгілі бір креативтік дәрежемен аңықталады «шығармашылық қабілет». Ойлау профилі,жеке тұлғаның ақпаратты өндей алу қабілетін көрсете тұра, оның іс-әрекет стилін, қабілеттерін, қызығушылық пен кәсіби бағыттарын аңықтайтын, адамның жеке тұлғалық мінездемесінің маңызы болып табылады. Ойлауды төрт базалық типке бөледі, олардың әрқайсысы арнайы мінездемемен белгіленеді: заттық, образдық, белгілік және символикалық. Берілген сауалнамада ойлау типтері топтамаларға сәйкес белгіленген(заттық-әрекеттік, абстракті-символикалық, сөздік-ойлау, көрнекілік-образдік, бесінші баған-креативтік).



Сұрақтардың нумерациясы тігінен келетінін назарға аударыңыз.

Нұсқау: Әр адамның өз ойлау қабілеті болады. Мұнда ойлау типіасыра түседі. Берілген сауал сізге өз ойлау типіңізді аңықтауға көмектеседі. Егер бланктағы оймен келіссеңіз «+», ал егер келіспесеңіз «–» деген белгі қойыңыз.

П-Д

А-С

С-Л

Н-О

К

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40



  1. Басқаға түсіндіргенше, өзім орындағаным артық.

  2. Маған компьютерлік бағдарламаларды құрастыру оңайға түседі.

  3. Мен кітап оқығанды ұнатамын.

  4. Маған кескіндеме, мүсін, сәулет өнерлері ұнайды.

  5. Жасалған істің бір нәрсесін жақсартуға тырысамын.

  6. Маған суретпен немесе заттар арқылы түсіндірген кезде, мен жақсы түсінемін.

  7. Мен шахмат ойынын ұнатамын.

  8. Мен өз ойымды жазбаша және ауызша оңайлықпен түсіндіре аламын.

  9. Кітап оқыған кезде мен кейіпкерлерді көз алдыма елестетемін.

  10. Мен өз жұмысымды өздігінше жоспарлай аламын.

  11. Маған бәрін өз қолымен жасаған ұнайды.

  12. Бала кезімде достармен тілдесу үшін мен өз шифрымды құрап шығарғам.

  13. Мен айтылған сөзге үлкен мән беремін.

  14. Таныс әуендер бұрын болған жағдайларды еске түсіреді.

  15. Түрлі көңіл-көтерінкі нәрселер адам өмірінайқын және бай етіп көрсетеді.

  16. Мәселені шешу кезінде маған бір әдіспен және қателерді түзетумен айналысқан ұнайды.

  17. Маған табиғаттағы физиологиялық құбылыстарды талқылау ұнайды.

  18. Маған теле- және радио-бағдарламалардың жүргізушісінің, тілшінің жұмысы ұнайды.

  19. Маған табиғатта жоқ жануарды елестету онайға түседі.

  20. Маған нәтижесінен қарағанда іс-әрекет үрдісі ұнайды.

  21. Бала кезімде конструктор бөлшектерін жинау ұнайтын.

  22. Мен нақты ғылымдарды (математика, физика) ұнатамын.

  23. Маған кейбір өлеңдердің нақтылығы мен терендігі ұнайды.

  24. Таныс иіс менің есіме өткен оқиғаларды түсіреді.

  25. Менің өз өмірімді нақты жүйегі бағындыру қиын.

  26. Мен музыканы естіген кезде,билегім келеді.

  27. Мен математикалық формулалардың ғажабын түсінемін.

  28. Менің түрлі аудитория алдында сөйлей аламын.

  29. Мен көрме, қойылымдар, концерттерді ұнатамын.

  30. Мен біреуге көрінікті нәрседен күмәндәнәмін.

  31. Мен ісмерлікті, шеберлікті ұнатамын.

  32. Маған ежелгі символдардың мағыналарын шифрлау қызықты болушы еді.

  33. Мен тілдің грамматикалық құрылымын жеңіл игере аламын.

  34. Мен табиғат пен өнердің әдемілігін түсінемін.

  35. Бір жолмен жүргенді ұнатпаймын.

  36. Маған физиологиялық белсенділігі бар жұмыс ұнайды.

  37. Мен формулаларды, символдарды және шартты белгілерді есте сақтап қаламын.

  38. Менің достарым мен әңгіме айтқанымды ұнатады.

  39. Маған әңгіме немесе фильмнің мазмұнын образда қабылдау жеңіл.

  40. Мен өз жұмысымды аяқтағанша, тыным таппаймын.

Нәтижелерді өндеу. Бес бағандардың әрбіреуіндегі қосу санын санап және шыққан санды бланктің төменгі бос торына жазыңыз. Әр баған белгілі бір ойлау типіне сәйкес келеді. Әр бағандағы балдар саны берілген ойлау типінің даму деңгейін көрсетеді (0-2-төмен, 3-5-орташа, 6-8- жоғары).

  1. Заттық-әрекеттік ойлау ақпаратты қимыл арқылы меңгеретін адамдарға лайық. Әдетте олар қимылдың жақсы координациясына ие болады. Олардың қолымен бізді қоршаған заттық әлем құралған. Олар машиналар жүргізіп, станоктарда тұрады, компьютерлерді жинайды. Оларсыз ең биік мұраттарға жету мүмкін емес. Бұл ой спортсмендерде, бишілерде, әртістерде жақсы дамыған.

  2. Абстракті-символикалық ойлаумен ғалымдардың көбі меңгереді- физиктер-теоретиктер, математиктер, үнемдеушілер, програмистер, аналитиктер. Олар қолымен ұстай алмайтын, көре алмайтын математикалық кодтар, формулалар және операциялар арқылы ақпараттарды меңгереді. Сондай ойлау ерекшеліктері арқылы гипотезалар негізіндеғылымның барлық облыстарында көптеген жаңалықтар ашқан.

  3. Сөздік-логикалық ойлау жарық бейнеленген вербальді зияткерлілікпен ажыратылады. (лат. сөзінен verbalis-сөздік). Сөздік-логикалық ойлаудың дамуы арқылы ғалым, мұғалім, аудармашы, жазушы, филолог, тілші өз ойларын құрастырып және оларды адамдарға жеткізе алады. Бұл басшыларға, саясаткерерге және қоғам қайраткерлеріне қажет іскерлік.

  4. Көрнекілік-образдық ойлаумен мидың көркем дамуымен, болған, болатын, ешқашан болмаған және болмайтын нәрселерді елестете алады- суретшілер, жазушылар, ақындар режиссерлер. Сәулетші, конструктор, дизайнер, суретші, режиссер көрнекілік-образдық ойдың дамуымен ие болулары керек.

  5. Креативтік-бұл шығармашылық ойлау қабілеті, мәселелерді стандартты емес жолдармен шешу. Бұл сирек және ештенемен ауыстырылмайтын сапа, адамдарды әрекетте талантпен ерекшелендіреді.

Таза күйінде осы ойлау типтері сирек кездеседі. Көп мамандықтар үшін, мысалы психолог үшін түрлі ойлау типтерінің бір бірімен ұштасуы қажет. Мұндай ойды синтетикалық деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет