Ойнай отырып ойлайық! қазақша ашық сабақ №1 Физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара тақырыбы: Ойнай отырып ойлайық! Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі164,35 Kb.
#37569
түріСабақ
1   2
Физика заңдылықтары туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ертегі арқылы студенттердің білімін жетілдіру.
2. Дамытушылық: студенттердің ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: студенттерді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың жүрісі:
Сахнаны безендіру (алдын ала).
1.Оқытушы сайысты ашады, мақсатымен таныстырады.
2.Автор жүргізеді (көрініс арқылы өтеді, сайысқа қатысушылардың эмблемасы, топ аты болуы керек).
3.Жоспары:
І. Тапқыр болсаң, тауып көр (сұрақ-жауап).
ІІ. Әзіл-жұмбақ «Фамилиясы – өлшем бірлік».
ІІІ. Мақал-мәтелдің физикалық түсінігі.
ІV. Берілген құралдар арқылы көрсетілген тәжірибе бойынша сұрақтың жауабын айту.
V.Есеп шешу.
Сайысты қорытындылау, марапаттау.
Физика туралы аңыз
Алыс,алыс заманда бір елде ерекше король өмір сүріпті.Корольдің балалары көп болыпты. Король айналасында балалары болмаса, өмір сүре алмайды екен. Ол балалар, физика әлемінде өмір сүріпті. Король әр баласын ерекше жақсы көріпті, бірақ аттарын ұмытып қалады екен.
Күндердің күнінде табиғат құбылысы өзгеріп, әртүрлі келеңсіз жағдайлар болыпты (табиғат құбылысына байланысты музыка ойналады). Не істерін білмей абдырап қалған король, ұзақ ойланып, балаларын шақырады.
(Сонда қатысушы топтың студенттері келеді).

-Ал, балаларым, кім едіңдер?- деп сұрайды. (әр топ өзін таныстырады).


Сендерге қояр сұрақтарым бар, қарақтарым. Қане, қайсың тез жауап бересің? Дұрыс жауабын тапсаң ғана физика құбылысы жадыраған күн шуағын береді. Сол балама корольдігімді қалдырамын дейді.
(Король уәзіріне оқы дейді, уәзіріқолына оралған қағаз алып, жоспарды таныстырады).
І. Тапқыр болсаң, тауып көр (сұрақ-жауап).
1.Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасы орналасқан жеміс-жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлденеді?
(Судың меншікті жылу сыйымдылығы көп)
2. Бір ыдыста қайнаған су, екіншісінде шикі суды бірдей қыздырғанда қай ыдыстағы су тез қайнайды? (Шикі су. Себебі, онда еріген ауа көпіршіктері бар)
3. Шай қандай ыдыста тез суиды: металл шәйнекте ме, әлде шыны шәйнекте ме?
(Металл. Себебі, шыны ыдыс жылуды ұзақ ұстайды)
4. Адамдарға толы, кең сарайдағы музыка бос сарайға қарағанда неліктен жай естіледі? (Сарайда дыбыс отырған адамдардан да шығады)
5. Не себептен найзағай жарқылы көрінгеннен кейін, біраздан соң ғана күн күркірегені естіледі? (Дыбыс жылдамдығынан жарық жылдамдығы көбірек)
6. Ылғал үстелге қойылған қант біраздан кейін суды өзіне тартып алу қасиеті қалай аталады? (Диффузия –бір заттың өздігінен 2-ші затпен араласу құбылысы)
7. Стақанға су құйып, бетін қатты қағазбен жабамыз. Қағазды алақанмен басып тұрып стақанды төңкеріп, қолды шартып алу керек. Су неліктен төгілмейді?
(Суды атмосфералық қысым ұстап тұрады)
8. Суы бар стақанға мұздың кішкене кесегі салынған. Жіп және бір шымшым тұз арқылы стақандағы мұзды қалай шығарып алуға болады? (Жіпті мұздың үстіне қойып, тұз сепкенде, салқындатқыш қоспа пайда болады да, жіп мұзға жабысып қатып қалады. Шамалы уақыттан соң жіпті көтергенде бірге мұз да көтеріледі)
Студенттер берілген тапсырмаларға жауап беруде
ІІ. Әзіл-жұмбақ «Фамилиясы – өлшем бірлік».
1.Оның бірінші әрпі – екі өткізгіштен тұратын жүйенің бірінші әрпі(Конденсатор)
2. Потенциалдар айырмасының екінші атауының соңғы әрпі (Кернеу)
3. Потенциалдар айырмасы бірлігінің үшінші әрпі(Вольт)
4. Электр зарядын өлшеген КСРО ғалымы есімінің екінші әрпі(Иоффе)
5. Электр зарядына ие болмайтын бөлшектің бірінші әрпі (Нейтрон)
Студенттердің жауаптары көрермендерді тәнті етті
ІІІ. Мақал-мәтелдің физикалық түсінігі.
1. «Темірді қызғанда соқ» мақалында қандай физикалық құбылыс туралы айтылады?
(Қатты дененің балқуы).
2. «Көсеу ұзын болса қол күймес» қандай физикалық құбылыс жасырылған?
(Жылу өткізгіштік).
3.»Тоңған тонын мақтайды» неліктен? (Тон жылуды нашар өткізеді).
4. Корея халқының мақалында былай делінген: «Тұзы бар қапты байлаған жіпте тұзды, қандай физикалық құбылыс туралы сөз болып тұр? (Диффузия).
5.»Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің» қандай физикалық құбылыс жасырылып тұр? (Архимед заңы).
6. «Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше» мақалындағы физикалық құбылысты түсіндір. (Кебу).
ІV. Енді берілген құралдар арқылы көрсетілген тәжірибе бойынша сұрақтың жауабын кім жылдам табады?

1.Екі жұмыртқаның қайсысы піскен екенін қалай анықтауға болады?


Керекті құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке. (Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2 саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі.Жұмыртқаның ішіндегі құрамы тежеуіш рөлін атқарады)
2. Қолды ылғалдамай тиынды алу.
Керекті құралдар:жалпақ тәрелке, су, тиын, қағаз, стақан, сіріңке. 
(Жалпақ тәрелкеге су астындағы тиын салып, оның ішіне су құйылады. Тәрелкедегі су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?
Қағазды жағып стақан ішіне саламыз, стақанды тезірек тиынның жанына төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стақан ақ түтінге толады да, тәрелкедегі су ауа қысымы аз стақан ішіне қарай бағытталады).
3.Ғажайып жұмыртқа
Керекті құралдар: жартылай су құйылған шыны ыдыс, жұмыртқа, таза су.
(Жартылай су құйылған шыны ыдысқа жұмыртқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма? Бастапқысы тұзды, соңғысы таза су , өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық, сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды)
4.Суда батпайтын ине
Су құйылған ыдыс, ине, фолга қағазы.
(Иненің суда батпайтынын тек ертегіде көрсеңіздер. Оны енді өмірден де көруге болады. Шыны ыдысқа (стақан н/е тәрелке) су құйып, жартылай ішіне темекінің қағаз қиындысын саламыз. Инені жақсылап майлап қағаз бетіне саламыз, сонда қағаз суға батады да ине су бетінде қалқиды. Не себепті?Бұл металл заттың суда қалқу себебі сұйық ішінен осы денені кері итеруші күш әсер етеді)
V.Енді мынадай есеп шешу керек (карточка таңдап алады).
1. №35(Р). Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72 км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездың өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай? 
2. №63 (Р). Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
3. №93 (Р). Карусель станогі платформасының айналу периоды 4с. Айналу осінен 2м қашықтықта орналасқан платформаның шеткі нүктелерінің жылдамдығын тап.
4. №103(Р). Радиусы 800м бұрылыс жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездің центрге тарту үдеуі қандай?
5. №170(Р). Бір – бірінен 100м қашықтықта тұрған, әрқайсысының массасы 10000т екі кеменің өзара тартылыс күшінің ретін анықта.
1. №35(Р) Жауабы: 490м 2. №63 (Р) Жауабы: 10с
3. №93 (Р) Жауабы: 3,14 м/с 4. №103(Р) Жауабы: 0,5 м/с2
5. №170(Р) Жауабы: 0,667 Н
Қорытындысы айтылды.
Автор: есеп шығып болғанда, күн жадырап шығады.

  • Король балаларының шамаларының келгенінше жауапты тапқанына жадырап, көп белсенділік танытқан баласына өз корольдігін беріп, тәжін кигізіп, таққа отырғызады. Міне, балалар, физика заңдылықтарын білсең, барлық келеңсіз жағдайдан аман қаласың.Сондықтан физиканы үнемі оқыңдар.


EXPO - 2017 Жаңғыртылатын энергетика
Жарияланды 10-12-2014, 17:53 Категориясы: Тәрбие сағаты 
«Ашық тәрбие сағаты»
Тақырыбы: «EXPO - 2017: Жаңғыртылатын энергетика»
Мақсаты:
1. Қазақстанның алдында ақпаратты - коммуникативтік технологияны тұтынудың және қолданудың өсу қарқынын елеулі арттыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты - коммуникативтік технологияның жергілікті қамтуын арттыру міндеті тұр.
2. Білім берудің жаңа әдістемесі мен оқыту жүйесі негізінде энергия үнемдеу және жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану секторына тереңдетілген кәсіби білімі бар техника мамандығына ие болу.
Кіріспе:
Жаңғыртылатын энергия көздері (ЖЭК) - табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi:
♦ күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы;
♦ геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы;
биомасса, биогаз, электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын.
Қазақстанда ЖЭК - ті дамыту не үшін қажет?
● Кешенді өнеркәсіптік өндірісті дамыту, шектес салалардың өсуін ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру.
● Баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияны өндіріске енгізу, инновациялық шешім іздеу, ғылымның жаңа салаларын дамыту және ашу.
● Қазақстандағы электр энергиясының жалпы өндірілімінің 85%- дан астамы органикалық отынды (көмір, көмірсутекті шикізат) күйдіру арқылы өндіріледі. Энергетика үлесіне «көшетханалық» газдың жалпы ұлттық эмиссияның 87% тиесілі.
● Көмірсутектің экспорттық әлеуетін барынша арттыру;
● ЖЭК - ті дамыту дәстүрлі энергетикалық ресурс қорына деген әлемдік бағаның өсуін бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Негізгі бөлім:
2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14, 3%- ға, көлік қызметінің 7, 2%- ға, байланыс қызметінің 12, 8%- ға өсуінен көруімізге болады.
Телекоммуникация қызметтерінің дамуы келесі индикаторлармен сипатталады:
жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі 95, 6%;
Интернет желісін пайдаланушылар саны 8, 8 миллион адамға жетті (53, 5 %);
тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4, 2 миллионнан астам абонентті құрады (26%);
ұялы байланыс абоненттерінің саны 26, 2 млн. құрады (158, 3 %).
Не себепті жаңғыртылатын энергетика?
Әлемдік энергетикалық ресурстардың дәлелденген қоры сарқылады


Тақырып: Болашақ энергиясы 
1. Білімділік: Экономикалық мағынасы бар математикалық есептерді шығару дағдысын қалыптастыру 
2. Дамытушылық: Оқушыларға күш-қуатты үнемдеу мәселесіне назар аудару қуаттың қорын тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту. 
3. Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс істей білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбилеу. 
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: интерактивті тақта, ЭКСПО-ға байланысты суреттер. 
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру ,диалог , практикалық жұмыс, мәселені тұғызу жағдай 
Эпиграф: Күш-қуатты үнемдеу- берекелік емес, ақылды пайдалану 
Сабақ барысы 
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Бүгін бізде ерекше сабақ, эпиграфты оқып айтындаршы не туралы мәселе қозғаймыз? 
Күш-қуатты үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер? 
«Күш-қуат» деген сөзді өмірімізде сирек пайдаланамыз, бірақ онсыз ештене істей алмаймыз. Күш-қуат деген ол күш барлық заттарды іске қосады. 
Алыстағы ауылдарға, қалаларға 
Желі арқылы жүретін 
Біздің үлкен мәртебелі 
Күш қуатқа бір рахмет! 
Болашақ энергиясы 
Елбасы 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде: кәсіби, білімді, ойлы, жаңалыққа құмар маман болып шығуды міндеттеді. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы біз еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жағдай жасаймыз. Бұл істе Елбасы жастарға үлкен үміт артуда. 
Қазіргі заманға сай өмір сүру үшін инновациялық жобаларды өзімізде ойлап табу қажет. 
2017ж елімізде Астана қаласында ЭКСПО көрме өтеді (- 10-ші маусымнан 10 қыркүйекке дейін ).Көрменің тақырыбы : « Болашақ энергиясы » 
ЭКСПО көрмесі бүкіл әлемде 1851 ж бастап өтілуде және әлемде үлкен шара болып саланады Олимпиада ойындарынан ,әлемдік футбол Кубогі ойынан кейін үшінші орында тұр. 
1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 
60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде. 
Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері - жер асты пайда қазба қорлары - мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Жаһандану дәуірінде энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – күн энергиясын қолдану 
Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8•106 К-ге жақын, ал Күн бетінде 6000 К-ге тең. 
Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2•10-4 Вт/кг – ға тең 
Қазіргі мәліметтерге қарағанда Күн 5 млрд жыл шамасында өмір сүрді.Күн затының ішкі энергиясын-дағы қор әлі миллиардтаған жылдарға жетуге тиіс. 
Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады 
Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру. 
Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. 
Көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. 
Қазақстанның географиялық қоныстану аймағы жел, күн және су энергиясын молынан пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қазақ даласында геотермальдық энергия көздері де жетерлік. Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылында күн электростанциясы салынып болып, іске кірісіп кетті.Құрылыс БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілді. 
1 гектар жерді алып жатқан гелиостанция 20 метрлік 6 панельден құралған. Станция сағатына 52 киловатт электр энергиясын өндіріп тұр. 
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. 
Көмірімнің жүз килосын мен жандырамын 
деп айтады жанып тұрған бір күн шам. 
Жанып тұрса бұл босқа 
Үнемділік кетті біздің далаға 
Қарапайым шам 100 Вт•сағ электрқуатын жұмсайды, ал электрқуатын қорғаушы шам -20 Вт сағ жұмсайды. Электрқуатын қорғаушы шам неше есе ұнемдейді? 
Үй үлкен бір домалақ 
Тұрады оның ішінде бір жарықтық, 
Таңмен ұйықтап, тура салып 
Жарық отпен жана қалады. 
Есеп 2: Біздің мектебімізде 10 қарапайым шам 100Вт сағ электрқуатын жұмсайды. Егер 20 Вт сағ жұсайтын электрқуатын үнемдеуші шаммен алмастырса, онда бір күнде қанша теңге үнемдеуге болады? (тариф 1кВт/сағ - 25 теңге) 
Сендердің алдарында мектептің бір жылдағы электрқуатының шығыны көрсетілген диаграмма 
«квартал бойынша есебі» 
Айы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 
Электрқуатының жұмсалуы 
кВт / с 9 146 
кВт•с 14 344 
кВт•с 11 996 
кВт•с 7 630 
кВт•с 7 240 
кВт•с 4 035 
кВт•с 905 
кВт•с 390 
кВт•с 7 642 
кВт•с 7 761 
кВт•с 9 905 
кВт•с 14 266 
кВт•с 
Есеп : 
Оқу бөлмесідегі энергияны үнемді қолдануын санайық ,егер қонырау уақытында светті сөндірсек. Бір күнде қанша свет энергиясын үнемдеуге болатынын. 
1. Неше оқу бөлмесі бар екенің қарастырайық (5) 
2. Неше жарық шамы әр оқу бөлмесінде? 
8 жарық шамында 2 қызу лампасыдан болса 8*2= 16 қызу лаппасы 
3. Барлық үзілістің ұзақтылығы қоссақ 10 мин +15 мин+15 мин+10 мин + 10 мин =60 мин=1 сағ 
1 лампаның қуат күші 20Вт 
Есептеу. 
1. Оқу бөлмедегі барлық қызу лампасының саны 
8*2*5=80 
2. Энергия шығыны қандай 
80*20*1сағ = 1600Втсағ = 1,6 кВтсағ 
3. Тарифқа байланысты электроэнергия құны қанша? 
4. 1,6 кВтс *25теңге= 40 теңге 
Жауабы: Энергия үнемділігі 40 теңге 
Білесіндер ме : 
1 кВт электр энергиясы 38 кг нан пісіруге немесе 2 жұп аяқ киім тігуге ,14 кг сыр өндіруге ,12 сағ теледидар қарауға және 2 сағ үйді шаң сорғышпен соруға жетткілікті . 
Осындай көлемдегі энергияны қолдану 10 сағаттағы жәй жанып тұрған . 100Вт көлеміне тең. 
Есеп: 
- Кәне қушылар санап көрейік, мектеп қаржысын қалай азайтуға болады? Егер біз электрқуатын үнемдеу тәсілдеріне сұйенсек, жылына шыққан сомманы 20% қысқартып көрейік. Электр қуаты бізде 1аВт/сағ 25 теңге. 
(Оқушылар санауға кіріседі) 
Тоқты үйде де, мектепте де үнемдеп отыру керек. Жарық бос қосылып тұрған кездесөндіріп отыру керек. Әр жылдың наурыз айының соңғы сенбісі күні әлемдегі миллиондағанадамдар шамды 1 сағатқа сөндіріп отырады. Себебі оларға біздің планетамыздың болашағы маңызды. «Жер сағаты» - бұл біздің табиғатқа деген қарым-қатынасымыз бен қамқорлығымыз. 
Келесі Жер сағаты 31 наурыз 2015 жылы сағат 20:30 дан 21:30-ға дейін жергілікті уақыт бойынша. 
Сабақтың қортындысы (Рефлексия) 
Бүгін біз мектебіміздің экономия бюджет проблемасының бір бөлігін шештік. Сендер сұрақтарына жауап таптыңдар, бұл бюджетті қалай сақтап қалуға болады? Ол үшін не істеу керек? (Оқушылардың жауабы) 
Үнемдейік жарықты 
Бұған шектеу қоймайық 
Бәріне кенес айтайық Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы Болашақ энергиясы - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы Болашақ энергиясы атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақпрезентацияреферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Болашақ энергиясы Математикадан ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет