Ұйымдастыру -іздестіру
|
Балалар теледидардан «Балапан» арнасынан «Ғажайыпстанға саяхат» бағдарламасын тамашалайық.
Аяжан мен Елдос сәлем жолдайды,өздерін таныстырады.
Сәлем, менің атым Елдос.
Сәлем мен Аяжанмын.
Балалар біз сендерге қонаққа барғымыз келеді. Сендердің бақшаларынды көргіміз келеді.
Балалар Елдос пен Аяжан бізге қонаққа келсін бе?
Елдос пен Аяжан топқа кіреді.
Балалармен амандасып,
Білімпаз атадан хат әкелгендерін айтады.
-Қане, балалар қонақтарымызды ортаға алып сабағымызды бастайық.
Қонақтарымызбен бірге Елдостың атасының ауылына саяхатқа барайық.Ол үшін бізге көлік керек.
Біз қандай көлік түрлерін білеміз. Жерде жүретін көліктің түрі поездбен барамыз.
«Кел балалар, кәнеки» әніне салып поездбен саяхатқа аттанамыз.
Ән:Кел балалар кәнеки,
Жалықпа, сен жалықпа.
Талай қызық күтуді
Бәрімізді әлемде.
Жалқықпа сен жалықпа,
Оқы, тоқы арманда
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыста.
Тақырыбымыз «Ойнап жүріп, ойланайық» болғаннан кейін Білімпаз атаның тапсырмаларын орындайық. Алдымен, Аяжанның әжесінің бау-бақшасын аралайық.
Табиғатты қорғауға,оған зиян келтірмеуге шақыру.
1 тапсырма
Балалар кезекпен келіп жемістер мен көкөністер бейнеленген кілімшеге теріс қарап тұрып текшені лақтырады,қай суреттің бетіне түссе сол тапсырманы орындайды.
Заттың атын, түсін, дәмін, қандай геометриялық пішшінге ұқсайтынын, орысша атауын,неше көкөніс неше жеміс бар екенін айтады.
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым-атам, үйдің данасы,
Балан үйрек-әжем, ошақ анасы.
Ортан терек-әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек-шешем, шаңырық ажары,
Титтей бөбек-ол мен бәрінің базары.
Аяжанның үйінде кім бар екен, отбасы мүшелерімен танысайықшы.
Атасы, әжесі әкесі мен анасы және немересі Аяжан.
Отбасы мүшелерімен таныстыру.
Айлана мен Сайд-Абдулазиз суреттегі отбсы мүшелері нешеу, кім үлкен, кім кіші екенін айтады.
Тақпақтар айту аже, аналары, отбасы мүшелері туралы.
Суда жүзетін көліктер мен саяхаттайық.
Ән: «Кел балалар, кәнеки»
Қазір жылдың қандай мезгілі екенін сұрау.
Көктем айларын атату.
Көктем туралы тақпақтар. Көктемде қандай өзгерістер болатынын сұрау.
Мал төлдейді олай болса біз оларды кетіп баптауымыз керек екенін түсіндіру.
Елдостың атасының мал қорасына келдік.
Онда төрт түлік бар екен,жұмбақтар жасырайын сендер оның жауабын тауып төлдерін орналастырындар, орысша аудармасын айтындар.
Білімпаз атаның жұмбақтары:
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жаптырмасы бар
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Жалт-жалт еткен сақалы,
Қолыңнан дәм татады.
(Ешкі)
Нақыл сөздер
Мал өсірсең қойды өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Жылқы- малдың патшасы,
Түйе-малдың қасқасы.
Жаңылтпаштар
Ай, Айдарбай, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
Жорта қойдым.
Аяжанның әжесі көп ертегі біледі екен. Сендердің де әжелерің көптеген ертегі біледі деп ойлаймын.
Әжеге ертегілерді каншалықты білетінімізді көрсетіп ойын ойнайық.
Ойын: Не артық?
Ертегі кейіпкерлерінің арасында ,не артық?
Мысалы: Бауырсақ ертегісіне құстың суреттін қосу
Үйшік ертегісіне-иттің суретін қосу.
Жеті лақ ертегісіне- түлкінің суретін қосу.
Шалқан ертегісіне – бауырсақтың суретін қосу.
Маша мен Аю ертегісіне- мысықтың суретін қосу т.б.
Білімпаз атаның соңғы сұрағы
Оны тыңдау үшін әнімізді атып орнымызға барып теледидарды тамашалайық.
Теледидардан Білімпаз ата тапсырмасын айтадын.
Балалар біз қазір Ғарышкерлер күнін тойлағалы отырмыз. Соған арнап біздің бағдарламамызға өздеріңнің жұмыстарыңды беріп жіберсеңдер болады.
Тапсырма:
Әуеде ұшатын көліктердің суретін салып, мүсінін ермексаздан жасап, бейнесін жапсырып, құрастырып беріп жіберіңдер.
|
Балапан арнасын көреді.
Аяжан мен Елдоспен танысады.
Әрине келсін.
Балаларда олармен амандасады.
Жерде жүретін көліктер, суда жүзетін көліктер, әуеде ұшатын көліктер.
Балалар әнді айтып саяхат жасайды.
Барлығы қосылып әнді орындайды.
Балалар текшені лақтырып, оның түсін, дәмін, көкөніс не жеміс екенін және орысша аудармасын айтады.
Мысалы:
Алма-Қызыл, тәтті, жеміс,
домалаққа ұқсайды.
Яблока. т.б.
(алмұрт, банан, сәбіз, қияр, қызанақ)
Жаттығуды қимыл арқылы көрсетіп жасайды.
Бір, екі бала отбасы мүшелерімен таныстырады.
Самира, Салима,
Александр, Глеб т.б
Көктем
Наурыз, сәуір, мамыр.
Күн жылынады,қар ериді, ағаштар бүршік жарады.т.б
Жұмбақтарға жауап береді орысша, қазақша жауаптарын айтады.
Білмегендерге тәрбиеші көмек көрсетеді.
(Түйе- верблюд)
Бота
(Сиыр- корова)
Бұзау
(Қой-баран)
Қозы
(Ешкі-коза)
Лақ
Балалар бірге қаталап айтады.
Ойынға белсене ат салысады, тапсырманы мұқият орындайды.
Жыл бойына өткен ертегілерін еске түсіреді.
Әнді атып орындарына келеді.
Білімпаз атаның тапсырмасын тыңдады.
Ұшақтың суретін салады, ермексазбен мүсіндейді, қағаздан қиып жапсырады және құрастырады.
Аяжан мен Елдостан Білімпаз атаға еріп жібереді.
|