Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Гельминтоспориоздынемесе кәдімгі және гельминтоспориозды-фузариозды тамыр шірулері



бет20/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Гельминтоспориоздынемесе кәдімгі және гельминтоспориозды-фузариозды тамыр шірулері.ҚоздырушыларыDeyteromycota класыныңМонилиялылар қатарының өкілдері– Bipolaris sorokiniana Sacc. (Helminthosporium sativumP.K. et B.) және Fusarium Link.туысынажататын саңырауқұлақтүрлері.БұлауруСолтүстік Қазақстан мен Ресейдің Батыс Сібір, Орал және т.б. аймақтарында жаздық бидай егісінде өте кең таралған және зияндылығы жоғары. Оның белгілері ұрықтық және қосымша тамырларда, жас өскіндерде, сабақ мойыны мен оның төменгі буынында қойырқай,күңгірт-қоңырсызықшалар менжалпақ жолақтар, немесе дақтар ретінде байқалады. Кесе қатты дамыған жағдайда төменгі буынаралықтар толығымен қарайып, жанама сабақтар солып, опат болады. Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерін ылғалды ортада ұстасақ, 5-6 тәуліктен кейін оларда саңырауқұлақ мицелийлеріжәне конидиялар мен сағақтарынан тұратын күңгірт–жасыл өңез басады. Конидиялар түйрегіш тәріздес, зәйтүн реңді, қоңырқай,тұрқы көбінесе түзу, бірнеше көлденең перделермен бөлінген. Ауру қоздырғышының өніп-өсуі үшін міндетті түрде тамшы ылғал қажет, немесе ауаның ылғалдылығы жоғары(90-100%), температурасы20-270С аралығында болғаны қолайлы. Фузариозды шірікке шалдыққан тамыр мен сабақтың төменгі буынаралығын ақшыл немесе сарғылт, қызғылт өңез басады. Макроконидиялардың пішіні орақ немесе жаңа туған ай сияқты, 2–3-тен 5-7 көлденең перделермен бөлінген, микроконидиялар бір жасушалы, пішіні жұмыртқа немесе алмұрт тәріздес.
Аурудың таралуы мен дамуы ауа-райына, алғы дақыл мен егілетін сорттарға, тұқымның себу мерзімі және т.б. агротехникалық шараларға байланысты біраз ауытқып отырады. Тамыр жүйелері менсабақтың төменгі буынаралығының кеселге шалдығуынан өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің су және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Ауруға орташа және қатты дәрежеде шалдыққан бидайдың түптенуі және өнім беретін сабақтары, масақта дән байлануымен қатар,оның салмағы төмендейді.Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін. Ол негізгі ие-өсімдік болмағанның өзіндедиаспоралар немесе хламидоспоралар ретіндетопырақтабіршеше жылға дейін сақталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет