Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Бактериялар,вирустар мен микоплазмалар қоздыратын аурулар



бет23/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бактериялар,вирустар мен микоплазмалар қоздыратын аурулар


Бидайдың бактериоздарынPseudomonas, Xanthomonasжәне Bacillusтуыстарына жататын, пішіні таяқша тәріздес бактериялар қоздырады.Олар жапырақтармен қатар сабақтарды, масақша қауыздары мен дәнектерді залалдайды.белгілері мен қоздырғыштары бойынша бір-бірінен ажыратуға болатын қара, базалды, жолақ және сары немесе шырышты бактериоз деп аталатын ауру түрлері кездеседі.Бұл дақылда вирус ауруларының бірнеше түрі кездеседі. Қоздырғыштары негізгі ие-өсімдікпен қатар көптеген мәдени және жабайы астық тұқымдастарды залалдайды.


Қара бактериоз.Қоздырушысы– Xanthomonas саmpestris pv.translucensDye.Ауру бидайдың жер бетіндегі барлық мүшелерінде байқалады. Жапырақтарда алдымен суланған тәріздес кішілеу, күн сәулесіне тосса жарық өткізетін, ашық-жасыл, кейіннен сарғылт немесе қоңырқай тартатын дақтар, ал сабақ буынаралықтарында қоңырқай, қара-қоңыр жолақтар пайда болады. Кеселдің негізгі белгісі–масақтардың деформациялануы,масақша қауыздарының жоғарғы ұшында байқалатын жалпақтау қара жолақтар мен үлкен дақтар. Дән үстінде сарғылт дақтар немесе жолақтар түзіледі, толмай шөпек келеді.
Ауру қоздыратын бактерия таяқша тәріздес, екі ұшы жұмырлау, жалғыз талшығы бар, сол арқылысұйық ортада еркін қозғалады, мөлшері 0,5-0,8х1-2,5 мкм. Картоп қоректік ортасында үсті шырышты, қоймалжың ашық-сары шоғырлар (колония) түзеді. Инфекция тұқым арқылы таралады, онда ауру қоздырғышы 3 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Сонымен қатар, ол шірімеген өсімдік қалдықтарында келесі жылға дейін сақталуы мүмкін.
Базалды және жолақ бактериоздар. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas syringae pv. atrofaciens Yaung (синоним P. atrofaciens). Базалды бактериоздың белгілері жапырақ тақталарында суланған тәріздес, күңгірт-жасыл, кейіннен қоңырқай тартатын,дөңгелектеу,масақша қауызының төменгі жағында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Ауруға шалдыққан дәнектердің ұрығы қараяды, ұсақ келеді.Тұқым өнгеннің өзінде өскіндер баяуөседі, иір-қиырланып, көпшілік жағдайда опат болады. Ресейде қара және базалды бактериоздар бидайдың кең таралған және аса зиянды аурулары деп саналады.Қазақстанда олар сирек кездеседі.
Жолақ бактериоздың белгілері, көбінесе, өсімдіктер жалаужапырақ жайып, масақтана бастаған кездебайқалады. Алғаш жоғарғы жапырақтардың орталық жүйкесін бойлай жіңішкелеу келген сарғылтұзын сызықшалар түзіледі, кейінірек олар қоңырқай тартып, жайыла түседі. Ауа райы жаңбырлы болса дақтардың үстінде мөлтілдегенсарғылтэкссудат пайда болады, кейінірек қабыршықтанып, үгітілетін ұнтаққа айналады. Бұл ауру соңғы жылдары солтүстік өңірде жиі байқалуда, оңтүстік-шығыста да кездеседі. Бактерия жаушалары таяқша тәріздес бір талшықты, сұйық ортада еркін қозғалады. Картоп немесе ет-пептон агарларында ортасы көтеріңкілеу келген, кішірек сарғылт шоғырлар түзеді.Инфекцияшірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы таралуы мүмкін, бидайдың өсу кезеңінде бунақденелілермен тасымалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет