Жолақ дақ.Қоздырғышы – Drechslera gramineaShoem.(син.Helminthosporium gramineum Rab. et Schleh.).Ауру белгілері жапырақтардың орталық жүйкесін бойлай орналасқан жалпақтау, кейде бір-бірімен ұласыпжататын жолақтар ретінде байқалады. Көпшілік жағдайда инфекция жүйелі таралады, алдымен сабақтың төменгі буынаралығында байқалады, сабақты бойлайжапырақтар мен жоғарғы буынаралықтарданмасаққа дейін көтеріледі. Дән қауызында оның белгілері қоңырқай келген дақтар ретінде байқалады. Инфекция тұқым арқылы таралған жағдайда арпаның өсуі кенжелейді, кеселге шалдыққандары бойының аласалығы және қара-қоңыр реңіменсау өсімдіктерден бірден ерекшеленеді. Егер де,инфекцияменөсімдіктер сабақтанғаннан бастап, дән сүттеніп пісу аралығында залалданса, онда жапырақтарда сопақтау келген немесе ұзынырақ жолақтар байқалады.Ұзақ жауған жаңбырдан кейін, немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, дақтардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдір сұрғылт өңез пайда болады. Конидия сағақтарының ұшы жуанырақ,2-4 көлденең перделермен бөлінген. Конидиялар түссіз, немесе ашық-қоңыр, цилиндр тәріздес, сопақтау, 2-3-тен 6-8-ге дейін көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 20-30-100-150х13-26 мкм. Саңырауқұлақтың жоғарғы сатысы – жалған жеміс денелері аңызда шашылған арпа сабаны мен масақ қалдықтарында түзіледі. Инфекция тұқым арқылы таралады және жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады. Тұқым арқылы өскіндер залалданып ауру жүйелі таралса, аңызда қыстап шыққан инфекциямен көбінесе жапырақтар залалданады. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция ауа ағыны және жаңбыр тамшылары арқылы да таралады. Ауру қоздырғышы Hordeumтуысыныңжабайы өкілдерін, атап айтқанда жатаған бидайықты залалдауы мүмкін.Бұл ауру еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кең таралған, зияндылығы жоғары, солтүстік өңірде сирегірек кездеседі.
Арпа жапырақтарында бір мезгілде торлы немесе қара- қоңыр дақтармен қатар септориоз ауруы кездесуімүмкін. Соңғысына тән бір қасиет дақтардың үстінде тізіле, немесе ретсіз орналасқан, жай көзбен көруге болатын пикнидалардың түзілуі. Кейдеоларжиын-теріннен кейін қалған өсімдік қалдықтарында түзіледі, сондықтан ауруды дәл анықтау біраз қиынға түседі.