Ергежейлі немесе қоңырқай тат.Қоздырғышы– Puccinia hordei Ott. (син.: P.anomala Rostr.). Жапырақтардың жоғарғы жағында шашыраңқы орналасқан, күңгірт, немесе қызғылт- сары, қоңырқайурединийлер түзіледі. Кейінірек олардың орнын қара телийлер басады. Бұл ауру күздік пен жаздық арпа қатар егілетін еліміздің оңтүстік өңірінде кездесуі мүмкін, басқа аймақтарда тіркелмеген.
Ақ ұнтақ. Қоздырушысы – Ascomycota класының Эризифалылар қатарынажататынErysiphe graminis DC.f.sp.secalis. Ауру белгілері жапырақтарда саңырауқұлақ мицелийлері мен конидияларынан тұратын, нәзік , селдірақ өңез ретінде байқалады. Ол біртіндеп қалыңдап, нығыздалады, кейіннен сұрғылт тартады. Арпаның өсу кезеңінде саңырауқұлақ бірнеші конидия ұрпақтарын береді, нәтижесінде ауру егіске тез таралады. Конидиялармицелий ұшында моншақ тәріздесбір-біріне тізбектеле орналасады, реңі түссіз, пішіні сопақтау, бір жасушалы, мөлшері 32-34 х10-14 мкм. Өсімдіктер өсуінің соңына қарай мицелий жиынтығында жай қөзбен байқалатын саңырауқұлақтың жеміс денелері– клейстотецийлер түзіледі. Олардың ішінде мөлшері 70-110х25-40 мкм қалташалар түзіледі, әрқайсысында эллипс тәріздес, мөлшері 10-23х11-13 мкм, 8аскоспора болады. Кей жылдары еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ақұнтақ арпа егісінде айтарлықтай дамиды. Көпшілік жағдайда ауру алдымен жатаған бидайықтабайқалады, одан кейін арпаға таралады. Инфекция жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында қалталы сатысында сақталады.
Жапырақтар мен сабақ буынаралықтары және дәнектің теңбілденуі
Арпада Deuteromycоtакласына жататын Bipolaris (синониміHelminthosporium) және Drechlera туыстарының өкілдері қоздыратын гельминтоспориоз ауруларының бірнеше түрі, атап айтқанда қара-қоңыр, торлы және жолақ дақтар кездеседі. Сонымен қатар, бұл дақыл сақиналы дақ, немесе ринхоспориоз және септориоз ауруларына да шалдығады.Жапырақтардың теңбілденуі салдарынан оларда түзілетін хлорофилл мөлшері, фотосинтез екпінділігі төмендейді, біраз ферменттердің қалыпты үрдісі бұзылады.Аурулар қаттыдамыған жағдайда олар мезгілінен ерте қурап,нәтижесінде масақта байланған дән санымен қатар, салмағыда төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |