Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет27/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тозаңды қаракүйе.Қоздырғышы–Ustilago nuda (Pers.) Rostr. Ауру белгілері арпа масақтана бастаған кезде байқалады.Масақтың өзекшесінен басқа мүшелері толығыменсаңырауқұлақ телиоспораларынан тұратын қаракүйе тозаңына айналады. Олардың пішіні шар тәріздес, немесе сопақтау, диаметрі 5,5-9 мкм, реңі ашық-қоңыр .Ауру жайлаған масақтардан тозаңданған телиоспоралар ауа ағынымен егіске таралып, гүлдеп тұрған сау масақтарға қонады. Тамшы ылғал болған жағдайда олар өніп, 4 жасушалы промицелий, әртүрлі жынысты жасушалар бір-бірімен қосылуы нәтижесінде инфекция жіпшелері түзіледі. Аналықтың мойыны арқылы олар болашақ ұрыққа жетіп, тұқым жарнағында тыныштық қалпында келесі жылға дейін сақталады. Дәнектің залалдануы үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-80%, температурасы 20-25 0С аралығында болғаны қолайлы. Сондықтан бұл ауруарпаның масақтану кезеңінде жаңбыр жиірек жауатын еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында көбірек кездеседі.
Жалған тозаңды немесе қара қаракүйе . Қоздырғышы–Ustilago nigraTapke. Сырт белгілері бойынша бұл ауру тозаңды қаракүйеге ұқсас. Масақтың өзекшесінен басқа барлық мүшелері реңі күңгірт-қоңыр, немесе қарателиоспоралар жиынтығына айналады.Оларсыртынан көмкеріп тұрған жұқа үлбір жыртылғаннан кейіндән балауызданып пісу мерзіміне дейін тозаңдайды. Телиоспоралардыңпішіні дөңгелектеу, диаметрі 7,5-8 мкм, екі– сыртқы (экзоспория) және ішкі (эндоспория)қабаттан тұрады.Биологиялық ерекшеліктері бойынша ауру қоздырғышы тас қаракүйені қоздыратын U. nuda саңырауқұлағына ұқсас келеді. Ауа ағына ілесе олар масақтың үстіне қонып, келесі жылға дейіндәнек қарығында немесе қауызының астында сақталады. Себілген тұқыммен бірге телиоспоралар көктемде топырақ қабатында өніп, жас өскіндерді залалдайды.Олардың өнуі үшін аса қолайлы температура – 18-220С, жоғарғы шегі – 30-350С аралығында , төменгі– 5 0С.

Тат және ақұнтақ аурулары
Арпада бір-бірінен сырт белгілері мен ауру қоздырғышы, таралу аймақтары бойынша ерекшелнлетін тат ауруының 3 түрі кездеседі.Олардың қоздырушылары Basydiomycota класының Урединиялылар қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет