Жабық қаракүйе. Қоздырғышы–Basуdiomycota класының Устилагиниялылар қатарына жататын Sphacelotheca panici-miliacei (Pers.) Bubak.Аса кең таралған және зияндылығы жоғары ауру.Оған шалдыққан шашақтар дән салмай,пішіні түйрегіш немесе құмыра тәріздес, сырты ақшыл-немесе сұрғылт- күлгін саңырауқұлақ мицелийімен торланған жапырақ нышандарымен көмкерілген, телиоспоралар және су тасымалдайтын түтікшелерден тұратынқаракүйе қалташасына айналады. Споралардың пішіні дөңгелектеу , немесе сопақтау, кейде сүйірлеу келеді, реңі ашық- қоңыр, күңгірт-қоңыр,беткі қабықшасы біртегіс, немесе ұсақ бедерлі, мөлшері 7-13 х 6-11 мкм. .Тарыны комбайнмен орып, бастырған кезде қаракүйе түйірлері жарылып, тұқымды споралайды. Олардың біразы сабан және топанмен бірге аңызға түседі, топыраққа шашылады,оның үстінде немесе беткі қабатында 5-15 см қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады. Өсімдіктердің ауруға шалдығуы мен дәннің споралану дәрежесінің арасында тығыз байланыс бар. 1 дәнгешаққанда оның мөлшері 20-40 мыңболса,е ауруға 15-20, тіптен одан да көп өсімдіктер шалдығады.2-3 жыл қатарынан тұқымды дәрілемей себкен жағдайда, егісте ауруға шалдыққан өсімдіктер саны біртіндеп артып, тіптен өнім толығымен жойылуы мүмкін.Инфекция тұқым арқылы таралады, топырақта келесі маусымға дейін сақталуы мүмкін.
Меланоз немесе дән некрозы.Ауру қоздырғыштарыDeyteromycota класына жататынBipolaris panici-miliacei Drech., Alternariaalternata Nees. саңырауқұлақ-
тары жәнеPseudomonas syringae (син.: P. holci Kend.) бактериясы. Ауру белгілері дәнжармасындамөлшері әртүрлі, сарғылттан қара-қоңыр реңге дейін өзгеретін, жайылған немесежиектелген некроз дақтар ретінде байқалады. Кесел дәннің 3/1 бөлігіне дейін, тіптен кейде жармысынан көбін шарпып, қарайтып жіберуі мүмкін. Меланоз ауруынашалдыққан жарманың шығымымен қатар тауарлық сапасы төмендейді. Мемлекеттік стандарт бойынша онда бүлінген, немесе шіріген, реңі өзгеріп, сарғылт-қоңыр, қызғылт тартқан немесе қарайған дәнек саны 0,5%-дан аспауы керек. Тарыныңбұл ауруға шалдығу дәрежесі өсімдіктер бас жарып, дән толықтай пісетін мерзімдегі ауа-райына тығыз байланысты.Негізінен меланоз Украина мен Ресейдің тары өсіретін аймақтарында жиі байқалады, дәнектер 10-15 %-ға дейін шалдығады.Ауа-райы қуаң келетін Қазақстанның батыс және солтүстік-шығыс өңірлерінде оның таралуы0,5- 1% -дан аспайды, зияндылығы төмен,кей жылдары 3-5%-ға жетеді. Инфекция тұқымда және ауруға шалдыққан өсімдік қалдықтарында сақталады. Тарының өсу кезеңінде ауа ағыны немесе жаңбыр тамшылары арқылы да таралады. Тамыр шіруі.Негізгі қоздырғышы –Bipolaris panici-miliacei (Nisik.) Shoem. (син.: Helminthoporium panici-miliacei Nisik.), сонымен қатар Fusarium, Curvularia және т. б.Туыстарға жататын саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Аурудың белгілері тарының жаңа шыққан өскіндерінде, кейінірек сабақтың төменгі буынаралығы мен жапрыақтарында қоңырқай сызықшалар, немесе мөлшері мен пішіні әртүрлі келетін сопақтау дақтар ретінде байқалады. Кеселге қатты шалдыққан өскіндер біртіндеп солып, опат болады.B. pаnici-miliacei негізінен тарығамаманданған, бидай мен арпаны залалдамайды.Тары өскіндері мен ересек өсімдіктердің тамыр шірігінің қоздырушысы ретінде Fusarium oxysporium Schlecht. саңырауқұлағы тіркелген.Curvulariaтуысының өкілдерікөбінесе сапрофитті тіршілікке бейімделген, тұқым ертелеу қызбаған жәнеауыр топыраққа себілген егістерде байқалады.Инфекция көбінесе шірімеген өсімдік қалдықтарында және топырақта ұзақ уақыт сақталады,тұқым арқылы да таралуы мүмкін.