Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын теңбіл дақтар



бет36/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын теңбіл дақтар
Септориоз. Қоздырушылары –Deyteromycota класының Сферопсидалылар қатарына жататын Septoriapanici-miliacei Zybina және S.gramineum Desm. саңырауқұлақтары.Залалданған жапырақтарда қоңырқай немесе қошқыл жиекпен көмкерілген ақшыл-сұр, сұрғылт дақтар байқалады.Пикнидаларжапырақ ұлпаларда тереңірек, қатар-қатар тізбектеліпорналасады. Олардың пішіні дөңгелектеу, диаметрі 80-150 мкм, жоғарғы ұшында саңылауы бар. Бір жапырақтың өзінде S. panici-miliacei жәнеS. gramineumсаңырауқұлақтары кездесуі мүмкін. Біріншісі тарыға маманданған, споралары цилиндр тәріздес, тік немес сәл иілген, екі ұшы жұмыр, реңі жасылдау, көмескі байқалатын 5-6 перделермен бөлінген, мөлшері 21-60 х 4-5 мкм. Екіншісі астық тұқымдастарды залалдайды, споралары жіп тәріздес, 1-3 перделі, мөлшері 50-80 х 1,5-2 мкм. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқымда кездеспейді.
Бактериялы дақтар. Тарыны Pseudomonas туысына жататын екі түрлі бактерия залалдайды.P.holcicola pv. syringaeқоздыратын бактериоз жапырақтар мен сабақ буынаралықтарында алғаш суланған сияқты, күңгірт-жасыл, кейіннен қоңырқай тартатын дөңгелектеу немесе созылған жиекпен көмкерілгендақтар ретінде байқалады. Ауруқатты дамыған жағдайда олар бір-бірімен ұласқан жалпақ жолақтарғаайналады. Кеселге сабақтардың жоғарғы буынаралығы шалдыққан жағдайда жел соққандаолар опырылып сынғыш келеді, нәтижесінде дән байлануы және салмағы төмендейді. Тары бактериозының екінші түрін осы дақылға ғана маманданған P. syringaepv. рanici(синониміP. рanici Elliot)бактериясы қоздырады. Ауру белгісі жапырақ тақталарында жіңішке ұзын сызықшалар ретінде байқалып, шашаққа дейін жетіп,бүкіл өсімдікті жүйелітүрде залалдайды. Қазақстанның тары егетін аймақтарында аурудың бірінші түрі кең таралған, оның даму қарқыны дақылдың өсу кезеңіндегі ауа райына байланысты. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар мезгілінен ерте қурап кететіндіктен, кей жылдары біраз шығын байқалады.Инфекция ш3р3меген өсімдік қалдықтарында сақталады, ауру алдыменөткен жылғы сабан мен топан шашылған жерлерде байқалады. Тары егісінде кең таралған итқонақ түрлері (Setaria spp) бұл ауруға бейім,сондықтан олар инфекцияның қорлануын қамтамасыз етеді. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция ауа ағыны, жаңбыр тамшылары және өсімдік шырындарымен қоректенетін бунақденелілер арқылы таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет