Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Қонақжүгері мен жүгерінің қызғылт және жіңішке жолақтары



бет44/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қонақжүгері мен жүгерінің қызғылт және жіңішке жолақтары-Қоздырушылары Maize stripe virus жәнеMaizе rayado fino virus. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі кенжелейді, жапырақтарда нүкте тәріздес теңбілдер, ұзынсызықшаларға ұласатынқызғылт жолақтар байқалады. Инфекцияны цикадалар тасымалдайды.
Физиологиялық аурулар.Жүгеріде генетикалық зақымдалу салдарынан және қоректік заттардың, атап айтқанда топырақта макро және микроэлементтердің жетіспеуінен,туындайтын физиологиялық аурулар кездеседі. Олар өскіндердің ағаруы мен хлорозы, ересек өсімдіктер жапырақтарының сырт пішінінің өзгеруі, қоңырқай немесе қызғылт тартуы ретінде байқалады.
Дәнек ағаруы – жұқпайтын ауру.Негізгі себебі дән жаңадан толысып келе жатқанда судың жетіспей,сүттеніп және балауызданып пісетін мерзімде шамадан артық болуы. Осының салдарынан дәнектің жоғарғы ұшы жарылып, терең жарақаттан эндоспермаұнтағы көрінеді. Жиын-терін және қоймада сақтау кезінде жарақаттанған дәнектерде сапрофитті саңырауқұлақтар дамып, олар зеңденеді.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар


Жүгері мен қонақжүгеріде қаракүйе ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың бір-бірінен ерекшелігі қандай, қоздырғыштарының жіктелуі?
Толарсақнемесе көпіршіген қаракүйе қоздырушысының дәнді дақылдарда кездесетін басқақаракүйе түрлерінен қандай биологиялық айырмашылықтары бар?
Жүгері таты мен гельминтоспориоз ауруларларыныңнегізгі белгілері? Қазақстанда олар кездесе ме?
Сабақтардың бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздыратын шіріктерінің негізгі белгілері қалай байқалады және қоздырушы ағзалардың биологиялық ерекшеліктері?
Жүгері собығының нигроспориозының негізгі белгілері мен қоздырушысының ерекшелігіне тоқтал?
Жүгері дәнегі мен тұқымы зеңденуінде қандай саңырауқұлақтар басым келеді?
Бактериялар мен вирустар қоздыратын жүгерінің қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері?
Жүгерінің карантинді нысанға жататын қандай ауруларын білесің? Олардың инфекциясы қалай тасымалдануы мүмкін? Еліміздің аумағына кездейсоқ еніп жатса не істеу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет