Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет38/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тозаңды қаракүйе.Қоздырушысы–Basydiomycota класының Устилагиниялылар қатарына жататын Ustilago avenea (Pers.) Jensen.Ауру белгілері өсімдіктер шашақ жая бастағанда байқалады, масақшаларда дән орнына гүл қабыршағымен көмкерілген,реңі қоңырқай спора жиынтығы пайда болады. Олар біртіндеп тозаңдап, ауа ағынымен егіске таралады. Телиоспоралардың пішіні дөңгелектеу, шар тәріздес немесе сопақтау, реңі ашық-қоңыр, мөлшері 5-9 х 6-7 мкм. Олар ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, немесе тамшы ылғал болса,өсімдіктердің гүлдену кезеңіндеаналық мойынындаөніп, базидия мен базидиоспоралар береді. Соңғыларының екі жасушасы бір-біріне қосылу нәтижесінде инфекция жіпшесі түзіледі, ол дәнектің сыртқы қабықшасы -перикарпийге енеді, немесе қауыз астында қалыңырақ қабықшамен көмкерілген жасушалар–геммаларға бөлшектеніп, келесі жылға дейін тыныштық қалпында сақталады.
Жабық қаракүйе.Қоздырушысы – Ustilago kolleri Will.Ауру белгілері масақша түйінінде байқалады.Бір-біріне жабысқан телиоспоралардан тұратын қаракүйе түйіршегін дәнек қауызы сыртынан көмкеріп тұрады.Шашақауруға көбінесе түгелдей, кей жағдайларда оның тек төменгі бөлігі ғана шалдығады. Телиоспоралар қүңгірт-зәйтүн реңді, пішіні дөңгелектеу, кейде сопақтау келеді, мөлшері5-7мкм. Олар жиын-терін кезінде тозаңдап, орылып жатқан дәннің үстіне немесе масақ қауызының астына қонады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса біразы өніп , геммаларға бөлшектенетінпромицелий түзеді.Егер сұлыны жиған кезде ауа ылғалдылығы төмен болса,телиоспоралардың олар тыныштық қалпында сақталып, келесі жылы көктемде ғана өніп, жас өскіндерді залалдайды. Бұл ауру сұлы егілетін барлық аймақтарда кездеседі, кейде таралуы20-30%-ға дейін жетеді.

Тат аурулары.ҚоздырушыларыBasydiomycotaкласының Урединиялылар қатарының өкілдері -Puccinia coronata CordaжәнеPuccinia graminis f. sp. avenae. Біріншісі тәжді тат деп аталатын ауруды қоздырады, ол республиканың солтүстік өңірінде орманды-дала және онымен шектесіп жатқан ылғал жеткілікті дала аймақтарында кездеседі.Ауру белгілері жапырақтардың жоғарғы бетінде қатарласа орналасқансарғылт-қоңыр,немесе күрең ұзынырақ, сызықшалар, немесе урединийлер ретінде байқалады. Урединийспоралар пішінідөңгелектеу, кейде сопақтау, үстінде ұсақбедерлері бар, мөлшері 24-27х17-21 мкм. Дән толыса бастаған кезде жапырақтардың төменгі жағында жылтыр қара телийлер түзіледі. Телиоспоралардың реңіқоңырқай, екі жасушалы, мөлшері 35-60х12-25 мкм, жоғарғыұшында тәж тәріздес өскіндер болады.Қарасұлы бұл ауруға қатты шалдығады.Инфекцияның табиғатта сақталып, қорлануынаЕсіл өзенінің жағалаулары мен шоқ ормандарда өсетін қаражемістілер тұқымдасына (Rhamnus spp) жататын итшомырт негізгі рөл атқарады.Урединиоспоралардың өніп, өсімдікті залалдауы үшін 16-22 0С аралығындағы температурақолайлы,тамшы ылғал кем дегендетамшы ылғал4 сағат бойы сақталуы қажет. Осындай жағдайда аурудың инкубациялық мерзімі 7-8 тәуліктенаспайды.Таралу мерзімі және даму екпінділігіне байланысты оның зияндылығы 5-10-нан 30-40% аралығында ауытқиды. Екінші ауру- сабақ таты бұл дақылда өте сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет