Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жапырақтардың гельминтоспориозды және бактериялы жолақтары



бет39/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жапырақтардың гельминтоспориозды және бактериялы жолақтары. Біріншісінің қоздырушысыDeyteromycota класының Монилиялылар қатарына жататынDrechslera avenea Shoem. саңырауқұлағы. Ол еліміздің солтүстік аймағында кездеседі. Ауру белгілері жапырақ тақтасында қызыл жиекпен көмкерілген сопақтау дақтар немесе ұзын жолақтар ретінде байқалады. Ауаның ылғалдылығы жоғары болса оларда саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратынсұрғылт өңезтүзіледі. Конидиялар түзу, цилиндр тәріздес,ашық-зәйтүн, немесе қоңырқай, 2-3 тен 6-8-ге дейін көлденең перделермен бөлінген, мөлшері80-150 х 10-15 мкм. Ауру қоздырушысы сұлымен қатар, қарабидай, арпабас, жатаған бидайық және т.б. астық тұқымдастарды залалдайды. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады. Әр түрлі аймақтарда өсірілген сұлы тұқымдарын зертхана жағдайында тексергенімізде олардың ауру қоздырғышымен залалданғаны байқалмады.Сұлыда Pseudomonas syringae pv. striafaciensбактериясы қоздыратын жапырақтардың жолақтануы кездесуі мүмкін.Аурдың сырт белгілері гельминтоспориозды жолақтануға ұқсас, айырмашылығы дақтардың үстінде бактерия тамшысы немесе экссудат түзіледі.
Вирустар және микоплазмалар қоздыратын аурулар. Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір аймақтарындабұрын қуыршақтану, соңғы жылдары бозғылт-жасыл ергежейлену деп аталатын аса зиянды вирус ауруы кездеседі. Оған шалдыққан өсімдіктер шамадан тыс түптенеді, сонымен қатар бойы өспей ергежейленіп, реңі бозғылт-жасыл немесе сарғылттартады.инфекцияның жұғу мерзімі мен даму қарқындылығына байланысты аурудың бірнеше түрі кездеседі.Кеселге ерте шалдыққан өсімдіктер түптену кезінде, немесе кейінірек опат болады. Кей жағдайларда олар ауруға қатты шалдыққанына қарамастан, жасыл реңін жоғалтпайды.Ауру орташа дәрежеде дамығанның өзінде өсімдіктердің бойы өспей, ергежейленеді, түптенуі артады, жапырақтар алапестеніп, шашақтарда дән нашар байланады. Ол бәсең дамыған жағдайда жапырақтар мозаикаланғанмен, ауруға шалдыққан және сау өсімдіктер түсімділінің арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды, шашақта дән жеткілікті түзіледі. Вирус күздік бидай мен тары және т.б.көптеген мәдени және жабайы астық тұқымдастарды залалдайды.Инфекция көбінесе күздік бидайда сақталып, тасымалдаушы бунақденелілер арқылы жазғытұрым жаздық егіске таралады.Олар инфекцияның табиғи жағдайда ұзақ сақталуын және айналымын қамтамасыз етеді.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар


Сұлыда қаракүйе ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың бір-бірінен ерекшелігі, қоздырғыштарының жіктелуі?
Тат ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың даму ерекшеліктеріне тоқтал? Тәжді тат сұлыдан басқа қандай астық тұқымдастардызалалдайды?
Гельминтоспориоз ауруы сұлының қай мүшелерінде байқалады, қоздырғышының жіктелуі және биологиялық ерекшеліктері?Басқа дәнді дақылдарда кездесетін гельминтоспориоз түрлерінен оны қалай ажыратуға болады?
Сұлының бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері мен инфекцияларының тасымалдану мен сақталу жолдары? Бактериялы жолақтануды гельминтоспориозды теңбілден қалай ажыратуға болады?
ЖҮГЕРІ, ҚОНАҚҚҰМАЙ(СОРГО)және СУДАН ШӨБІНІҢ АУРУЛАРЫ

Жаз айларында ауа-райы құрғақ және ыстық келетін еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындаөсірілетін жүгері егістерінде ауру түрлері а көп емес. Бұл дақыл қаракүйенің екі түріне, собық бактериозы, сабақтың шіруіне шалдығады,солтүстік өңірде тұқымның зеңденуі жиі байқалады. Субтропикалы климатты елдерде кең таралған және зиянды келетін церкоспороз, милдью, тат аурулары кездеспейді. Сонымен қатар, карантинді нысанға жататын гельминтоспориоз түрлері, диплоидоз, бактериялы солу аурулары республика аумағында тіркелмеген. Қонақ жүгері мен судан шөбі егістерінде Basydiomycota класының Устилагиниялылар қатарына жататын қаракүйе қоздырғыштарының бірнеше түрлері мен жапырақтардың бактериялы жолақтануы кең таралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет