Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Вирус және микоплазма аурулары



бет37/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Вирус және микоплазма аурулары. Қоздырушысы– бидайға маманданған Triticum mosaic virus. Өсімдіктердің вируспен залалдану мерзіміне байланысты ауру белгілері әр түрлі келеді. Тарыинфекциямен ерте залалданатын болса өскіндердің бойы өспейді, бозғылт-жасыл немесе сарғылт реңімен ерекшеленеді,ерте опат болады, немесе шашақ жоғарғы жапырақтар қынабынанқылтиып шыққанымен дән салмайды. Көпшілік жағдайда егісте аурудың жеңіл түрі кездеседі. Жапырақ тақталарында жүйкені бойлай орналасқан бозғылт-жасыл сызықшалар, кейде жалпақ жолақтар байқалады. Ауруға шалдыққанжәне сау өсімдіктердің арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Мозаика тары өсірілетін барлық өңірлерде кездеседі, әсіресе күздік бидай егілетін аймақтарда көбірек таралған. Кеселдің зияндылық деңгейі өсімдіктердің залалдану мерзіміне байланысты. Тары бұл ауруға түптенуге дейін шалдықса, көбінесе өскіндер опат болады, немесе шашақта дән байланбайды. Өсімдіктер вируспен сабақтану-шашақтану кезінде залалданса шашақта байланған дән саны мен салмағы біраз төмендейді. Инфекция күздік бидай егісінде сақталады, оны күңгірт цикадалар тасымалдайды. Аталған ауру жабайы итқонақ түрлерінде жиі кездеседі, негізгі ие-өсімдік жоқ кезеңдеолар вирустың сақталуын қамтамасыз етеді. Тарыда жүгерінің жолақ мозаикасы мен хлорозды ергежейленуін қоздыратын вирус аурулары да кездесуі мүмкін.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар


Тары қаракүйесінің биологиялық және жүйелік ерекшеліктеріне тоқтал? Ауру қоздырғышы басқа дәнді дақылдарды не себепті залалдамайды?
Не себепті тары ақұнтақ және тат ауруларына шалдықпайды?
Тарыда саңырауқұлақтар қоздыратын теңбілдену ауруларының қай түрлері кездеседі,қоздырушыларына тоқтал? бидай мен арпаның осы тектес ауруларынанолардыңқандай ерекшеліктері бар?
Тары тамыр шірігінің белгілері мен қоздырғышының ерекшелігі? Ол бидай мен арпанызалалдай ма?
Тары дәнегінің қараюы немесе меланозы қалай байқалады,қоздырушыларының ерекшеліктері? Бұл аурудың дамуына ауа-райы қалай әсер етеді?
Тарының бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері мен ерекшеліктеріне тоқтал?

СҰЛЫ АУРУЛАРЫ


Бұл дақылда кездесетін ауру түрлері көп емес: тозаңды және жабық қара күйе, тәжді тат, гельминтоспориозды және бактериялы дақтар, микоплазма ағзалары қоздыратын қуыршақтану. Масақты дақылдарда кең таралған, аса зиянды келетін гельминтоспориозды тамыр шірігіне сұлы беріктігімен ерекшеледі. Сондықтан жаздық бидай мен арпа үшін фитосанитарлық тұрғыдан жақсы алғы дақыл болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет