Сарғылт ергежейлену немесе қортықтану. Қоздырғышы – Barley yellow dwarf virus,лютевирустарғажатады. Бұл ауру астық тұқымдастардың аса бір қатерлі ауруына жатады, түсімділігін 35-70 %-ға төмендетуі мүмкін. бірінші рет 1961 жылы Краснодар өлкесінде байқалған, кейінірек Балтық жағалауындағы елдерде, Украинада, Ресейдің қаратопырақсыз аймақтарында таралғаны анықталды. Соңғы деректерге қарағанда ол Қазақстанмен шектесіп жатқан Оңтүстік Орал мен Батыс Сібір өлкелерінде де кездеседі. Аурудың алғашқы белгісі жапырақұшының қызаруы немесе сарғаюы ретінде, кейінірек төменгілерінде бозғылт, немесе сарғылт жолақтар мен дақтар байқалады. Арпамен қатар бұл ауруға бидай, сұлы, күріш және басқа да астық дақылдары шалдығады. Олардың түрлеріне қарай ауру белгілерінде біраз айырмашылық бар. Мәселен, арпа жапырақтарысарғылт тартса, сұлынікі – ашық-қызыл, бидайдікі- ашық-сарыдан, күңгірт- қызыл реңге дейін алмасуы мүмкін. Осы ауруға тән тағы бір белгі – тамыр жүйелері өсуінің нашарлауы,ол танапта біркелкі таралып, өсімдіктердің ергежейленуі байқалмауы мүмкін.Вириондардың пішіні домалақтау, диаметрі 24-30 нμ.Инфекцияны өсімдік биттері–Rhopalosphum padi және Sitobion aveneaтасымалдайды.Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі тоқырап, масақта дән мүлде,немесе толық байланбауы мүмкін, 1000дәннің салмағы, тұқымның өну қуаты мен өнгіштігі төмендейді. Бұл ауру Қазақстанда кездеспейді, сондықтан ол карантинді нысанға жатқызылуы қажет, Еліміздің аумағына кездейсоқ енуіне жол бермеу үшін арнайы шаралар қатаң сақталуы қажет.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар
Арпада қаракүйе ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың бір-бірінен ерекшелігі, қоздырғыштарының жіктелуіне тоқтал?
Тат ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың маусымдық айналымы және даму ерекшеліктері қандай? Сабақ татының инфекциясы қайда қыстап шығуы мүмкін?
Арпада гельминтоспориоз ауруларының қандай түрлері кездеседі, олардың бір-бірінен айырмашылығы менқоздырғыштарының жіктелуі?
Жолақ дақтың басқа гельминтоспориоз түрлерінен қандай айырмашылығы бар? Ауру инфекциясы қайда сақталады, оның і дамуы қалай байқалады?
Ринхоспориоз немесе сақиналы теңбіл арпаның қай мүшелерінде байқалады,оны гельминтоспориозды дақтардан қалай ажыратуға болады? Ауру қоздырғышының жіктелуі және биологиялық ерекшеліктеріне тоқтал?
Арпа тамыр шірігінің белгілері мен қоздырғыштары жайлы не білесің,елімізде аурудың қай түрі басым келеді?
Арпа дәнегінің қараұрығы және дән қауызы қараюының қоздырушалары мен олардың патогендік қасиеттеріне тоқтал? Гельминтоспориозды, альтернариоздыжәне фузариозды тамыр шіріктерін бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Арпаның бактериялар мен вирустар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың негізгі белгілері мен инфекцияларының тасымалдану мен сақталу ерекшеліктері? Арпаның сары ергежейленуі жайлы не білесің?
ТАРЫ АУРУЛАРЫ
Масақты дәнді дақылдармен салыстырғанда тарыда кездесетін ауру түрлері көп емес. Оныңаса зиянды және көбірек таралған ауруына қаракүйе жатады. Кей жылдары дәнек меланозы немесе некрозы деп аталатын ауруға шалдығады. Гельминтоспориозды және фузариоздытамыр шіріктері, жапырақтар мен сабақ буынаралықтарының бактериозы және вирустар қоздыратын аурулардан да біраз қатер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |