Дәнек қауызы мен ұрығының қараюы.Қоздырғыштары–Alternaria tenuissima мен A. infectoria (синониміAlternaria alternata Nees.), Bipolaris sorokiniana Sacc., Drechslera teres Shoem.саңырауқұлақтары.Аурудән қауызы немесе оның ұрық жағының қараюы ретінде байқалады, дәнектің 2/3 бөлігіне дейін қамтуы мүмкін. Тұқымальтернариозды инфекцияғашалдықса, оның өнгіштігі айтарлықтай төмендемейді.Гельминтоспориозды инфекциялар (B.sorokiniana, Drechslera spр.)оның өнгіштігін төмендетумен қатар, өскіндерді тамыр шірігіне шалдықтырады. Сондықтан инфекция түрін ажырата білген жөн.Ылғалды ортада тұқымды 4-5 тәулік ұстау арқылы дәнек қауызының қараюының қоздырғышын нақты анықтауға болады. Ауру арпа өсірілетін барлық аймақтарда кездеседі, әсіресе дән сүттеніп-балауызданып және толық пісе бастаған кезде жаңбыр жиі жауып, ауа ылғалдылығы жоғары болған жылдары дәнектер 40-50%-ға дейін, тіптен одан да жоғары мөлшерде ауруға шалдығуы мүмкін. Инфекция жапырақтар мен дән қауызында және ауада кездеседі.
Бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулар Жолақ бактериоз.Қоздырушысы– Xanthomonas translucens f. sp. hordei Hagb. Ауру белгілері осы дақылдың гельминтоспориозды жолағына ұқсастау. Жапырақтақталарында орталық жүйкені бойлай орналасқан, жарық өткізетін, майланған сияқты күңгірт-жасыл , кейінірек қоңырқай тартатын сызықшалар немесе жолақтар байқалады. Жаңбырдан кейін, немесе ауа ылғалдылығы жоғары болса,олардың үстінде бактерия жасушаларынан тұратын сарғылт экссудат түзіледі.Олар– ұшында жалғыз талшығы арқылысұйық ортада ортада жақсы қозғалады,дара немесе екі жасуша тіркесі ретінде кездесетінтаяқша. Картоп және ет-пептон агарларында, беті жылтыр,біртегіс,ортасы сәл көтеріңкі дөңгелек шоғырлар түзеді.Арпа бактериозының қоздырғышы Pseudomonas atrofaciensбактериясы болуы мүмкін, ол бидаймен қатар судан шөбін, тарыны және басқа да астық тұқымдас дақылдарды залалдайды. Инфекциятұқым арқылы таралады, жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында және жабайы астық тұқымдас шөптерде сақталады.Өсімдіктердің өсу кезеңінде оны бунақденелілер тасымалдайды.