Герань F1 «Водопад лета» тұқым өнгіштігін зертхана жағдайында зерттеу



бет1/2
Дата30.05.2017
өлшемі456,74 Kb.
#17100
  1   2
Герань F1 «Водопад лета» тұқым өнгіштігін зертхана жағдайында зерттеу
Г.Ө.Байташева

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және халықаралық басқарма бастығы, а/ш.ғ.к., профессор мін.атқ.


Кілтті сөздер: Өсімдік, тұқым, экология, табиғат, гүл, жеміс-жидек, дән, азық, жапырақ, сабақ, гүл, тамыр.
Өсімдіктер әлемі — барлық жаратылыстың ең басты топтың біріне жатады. Себебі өсімдіктерді жер бетінің кез-келген бөлігін қамтиды. Қазіргі таңда өсімдіктердің 500 млн-нан аса түрі белгілі. Өсімдіктер күн жарығы арқылы өсіп, қоректенеді. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар.

Гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап, күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ. Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі — бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Тіршілік үшін өсімдіктің алатын  маңызы зор екендігін ескерсек бөлме өсімдігін көптеп өсіруді насихаттау өзекті.

Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Орман мен өсімдіктерді қорғауға әрбір адамзат міндеті. Өсімдіктерді сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Өсімдіктердің тірі ағза екендігін аша түсу, оның табиғатқа қосқан үлесін анықтап, лайықты бағасын беру — алдағы уақыттың күннен күнге өзектілігі артқан мәселесі. Әрбір азамат өзінің туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғатты қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

Біз зерттеулерімізде Герань F1 тұқымдасына жататын «Водопад Лета» бөлме өсімдігін тұқым арқылы өсіру тәсілін жүргіздік.

Зерттеу мақсаты: Герань F1 «Водопад лета» бөлме гүлін тұқым арқылы өсіру жолдарын зерттеп, бақылап, көпшілікке таныстыру.

Зерттеу міндеттері:

1.Геран F1 тұқымдасына жататын «Водопад Лета» өсімдігіне сипаттама жазу;

2.Зертхана жағдайында өсіру;

3.Өскіндерін күтіп баптау;

Зерттеу нысаны: Герань F1тұқымдасына жататын «Водопад Лета»

Зерттеу әдістері: Бақылау, тәжірибиелік-сараптама әдісі.

Ғылыми болжам: Егер бөлме өсімдіктерін қалемшалаеп өсіпгеннен қарағанда тұқым арқылы өсірсек, өнім межегеден артық болады.



Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен қатар, үйіңізге сән беріп, көңіл-күйіңізді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера  қалыптастырады. Алайда үй өсімдіктерін әдемі қалпын сақтап, ұзақ өмір сүруі үшін ерекше күтімді, баптауды қажет етеді.

«Оларды алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіні алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп-өнуге бейімдеген. Сондықтан олар бөлме өсімдіктері деп аталады. Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз де соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмыстарды жүргізу өзекті себебі құрып бара жатқан кейбір түрлерді интродукциялап осылай қорғауға алынады.



Сондай-ақ, Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енгізіледі. «Қызыл кітап» - бұл қауіп-қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді. Арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе, түрдің мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Біз зерттеп отырған түрдің дәрілік өсімдік екенін ескерсек ерекше қорғалуға алынуы қажет.

Сурет-1. Тұқым арқылы өсірілген Герань F1 тұқымдасына жататын «Водопад лета» гүлі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет