Тұқым арқылы таралатын аурулар
Дәнді дақылдар егісін қаракүйе ауруларынан толық айықтыру үшін олардың қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлген жөн. Егер инфекция тұқым арқылы ғана таралатын болса,оны себер алдында жүйелі препараттармен дәрілеудің тиімділігі өте жоғары. Ауру қоздырғышы тұқыммен қатар шірімеген өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталатын болса, мәселен жүгерінің қаракүйелері, олардың таралуын шектеуде агротехникалық шаралар, әсіресе ауыспалы егіс немесе алмаспалы дақылдар біраз рөль атқарады.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар мен агротехникалық шаралардың рөлі.Дәнді дақылдардың әр түріне маманданған, басқаларына жұқпайтын қаракүйенің 2-3 түрі кездеседі. Ауа-райы ылғалды аймақтарда, мәселен Украина, Белорусь, Ресейдің батыс бөлігі,топыраққа түскен қаракүйе телиоспоралары күз айларында өніп, ие-өсімдік болмаса,мицелий мезгілінен ерте ыдырап, топырақ инфекциядан тазаланады. Жаздың екінші жартысында, қыркүйек айында жаңбыр сирек жауатын республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында топыраққа түскен қаракүйе телиоспоралары көбінесе келесі көктемге дейін өнбей тыныштық қалпында сақталады, сондықтан ауруларды шектеуде алғы дақыл біраз рөл атқарады. Жүгері егісін тозаңды және толарсақты қаракүйе ауруларынан айықтыру үшін дақылды сол танапқа 2-3 жылдан кейін ғана қайта еккен жөн. Осы мерзімде топырақ ауру қоздырғыштарының инфекциясынан толық тазартады. Егер күздік бидайдың қатты қаракүйесінің инфекциясы топырақта тек келесі маусымға дейін ғана сақталатын болса, ергежейлі қаракүйенің споралары 7-9 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.
Солтүстік өңірде шілде айында түсетін ылғалды тиімді пайдалану үшін жаздық бидайдың себу мерзімін маусым айының екінші және үшінші онкүндіктеріне ауыстыру дақылдың қатты қаракүйеден айығуына тікелей әсер етті. Бұл ауру қоздырғышының өніп-өсуі үшін 7-130С аралығындағытемпературақолайлы,осындай жағдайда жас өскіндер 5-7 тәулік ішінде залалданады. Маусым айының екінші жартысындатұқым сіңірілетін тереңдікте топырақ 15-200С қызады, мұндай температура ауру қоздырғышына қолайсыз.Бидай өскіндері тез өніп, жер бетіне шығады, осы себептен олар ауруға шалдықпайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегітау етегінде орналасқан алқаптарға күздік бидай көбінесе қыркүйек айының аяғы, қазан айының бас кезінде, ал таулы аймақта тамыз айының екінші жартысында себіледі. Осы мерзімдегі ауа температурасы ауру қоздырғышының өніп-өсуіне қолайсыз, топырақта ылғал жеткілікті болса,өскіндер тез өніп, ауруға шалдықпайды.Осы себептен, қатты қаракүйе көбінесе кеш егілген егістере кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |