Дителенхоз немесе сабақ нематодозы. Қоздырғышы–Ditylenchusdestructor Thorne. Картоп өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Түйнектердің сыртқы қабықшасында, көпіршіген алғаш ақшыл, пішіні мен мөлшері әртүрлі келетін дақтар байқалады.Нематодалар шоғырлануынанолар біртіндеп үлкейеді, металл сияқты сұрғылт жылтыр, кейінірек қоңырқайтартады, жұмсақ ұлпаның ішіне қарай (1-2 см) тереңдей түседі. Түйнектердің беткі қабықшасы сылынып қабыршықтанады, дөңгелекқұрттар ішін кеулеп, құрғақ шірікке айналдырады. Бұл аурудан келетін шығын мөлшері 30-40% дейін жетуі мүмкін.Инфекция ауруға шалдыққан түйнектерде және топырақта сақталады.
Глободероз немесе картоптың алтын реңді нематодозы.ҚоздырғышыGlobodera rostshiensis Wol. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің тамыр жүйесі мен бойының өсуі нашарлап, сабақтары ұзын6 нәзік келеді. Тамырлар мен түйнектерде ақшыл, кейінірек сарғылттанып қоңырқай реңге боялатын нематода жұмыртқаларына толы домалақтаужай көзбен көрінетін цисталарды байқауға болады.Олар топырақта 7-10 жылға дейін сақталуы мүмкін,дернәсілдері картоп тамырына еніп, түйнектерде сарғылт, немесе алтын реңді цисталар түзеді.Түйнектердің залалдануына өсімдіктер гүлдегенкезде жаңбыр жиі жауып, топырақтың ылғалдылығы жоғары болғанықолайлы.Ауру ошақтары ойпаттау жерлерде жиірек кездеседі.
Микоплазмалар,вирустар мен вироидтар қоздыратын аурулар Картопта вирустар мен микоплазмалар қоздыратын аурулардың біраз түрі кездеседі.Олар жапырақтардың алапестенуі немесе мозаикасы және жолақтануы, қатпарлануы немесе әжімделуі, бұйралануы, өсімдіктер бойының ергежейленуі, өсу мүшелерінің пішіні өзгеруі ретінде байқалады. Бұл аурулар бір-бірінен сырт белгілері және қоздырғыштарынын морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Вирус аурулары кең таралған және өте зиянды, олар картоп азғындауы деген атпен белгілі, өнім шығыны30-50% жетуі мүмкін.Кейде бір өсімдік вирус ауруының бірнеше түріне бірден шалдығады.Картоп түйнектерінің түйрегіш тәрізденуінің қоздырғышы вирион. Вирус ауруларының инфекцияларын қөбінесе картопта тіршілік ететін бунақденелілер тасымалдайды. Олардың денесінде вирус бөлшектері көбейіп, ұзақ мерзім сақталатын болса персистентті, ал бірден өсімдікке жұғып, денесінде сақталмаса персистенсіз тасымалдаушы деп аталады.