Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет95/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Күміс тәріздес тазқотыр. Қоздырғышы - Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататынHelminthosporium solani Dur. Ex Mont.(син.Spondocladium atrovirens Hars.)Түйнектердің өсу кезеңіндебет жағында тез сылынатын,қабыршықтанған кішірек дақтар байқалады. Қоймада сақтау кезінде қабықша астында саңырауқұлақтың күміс тәріздес ақшыл-сұр мицелийлер жиынтығы түзіліп, дақ біртіндеп қоңырқай тартады.Конидиялар ауруға шалдыққан және сау ұлпалар аралығында түзіледі. Олар сәл иілген, түйрегіш тәріздес, реңі қоңырқай, 2-8 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 40-85х7-11 мкм. Кейіннен мицелий шоғырлары тығыздалып склероцийлерге айналады. Аурудыңдамуына топырақ температурасымен ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Кеселге қатты шалдыққан өркендер өскін бермейді. Ауру қоздырғышы топырақта сақталады және түйнектер арқылы таралады.
Картопісігі немесе рагы.Қоздырғышы –Chytridiоmycotaкласының осы аттас қатарына жататынSynchitrium endobioticum (Chib.) Pers. Ауру белгілері түйнектер мен тамыр-сабақтарда пішіні мен мөлшері әртүрлі келетін,пәлектерде реңі жасыл ісіктер ретінде байқалады. Аталған мүшелерде алдымен ақшыл кішірек бұлтықтар түзіледі, біртіндеп үлкейіп, кейін мөлшері 10 см жетеді, тіптен оданда үлкеніректері кездеседі. Саңырауқұлақтың өсу денесі – амебоид зооспоралар өнген кезде пайда болады. Кейінірек ол жұқа қабықшамен көмкерілген зооспорангийге айналады. Жаз бойы ауру қоздырғышы бірнеше ұрпақ береді. Күзге қарай көлденеңі 40-80 мкм жететін цисталар түзеді, олар тіршілік қабілетін топырақта 20 жылдай сақтауы мүмкін. Аурудың дамуына 15-180 С аралығындағы температура, топырақтың ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция топырақта сақталады, түйнектер арқылы да таралады. Картоппен қатар, бұл ауруға қызанақ және алқа тұқымдастардың біразы шалдығады.


Актиномицеттер,бактериялар мен дөңгелек құрттар қоздыратын аурулар

Картопта актиномикозды немесе кәдімгі тазқотыр, бактериялар қоздыратын қара сирақтану, сулы және сақиналы шіріктер, дөңгелек құрттардан туындайтын сабақ дитиленхозы мен алтын реңді нематодоз немесе глободероз аурулары кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет