Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Көкөніс пен бақша дақылдарының аурулары



бет103/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Көкөніс пен бақша дақылдарының аурулары
Көкөніс дақылдарын өсіріп, ірі қалаларды сапалы және өзіндік құны төмен өнімдермен қамтамасыз етуде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары жетекші рөл атқарады. Бұл өңірөніп-өсуі мен пісіп-жетілуіне жоғарғы температураны қажет ететін қызанақ, қияр, баялды, пияз, қарбыз, қауын және асқабақ сияқты жылу сүйгіш дақылдар үшін өте қолайлы. Қырыққабат пен сәбіз барлық өңірлерде, көбінесе суармалы жерлерде өсіріледі. Ашық танаптар мен жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарында кездесетін ауру түрлерінде біраз ерекшеліктері бар.

Асқабақ тұқымдастардың аурулары
Бұл тұқымдасқа қияр, қарбыз, қауынасқабақжәне кәді жатады.Олардың біраз аурулары, атап айтқанда, ақұнтақ пен пероноспороз немесе жалған ақұнтақбақтериоздары мен вироздарыжәне т.б. ортақ.
Ақұнтақ. Қоздырғышы - Аscomycotа класының Эризифалылар қатарына жататын Sphaerotheca fuliginea Poll. және Erysiphe cichoracearum Pot.–тіршілік айналымы тірі ағзада өтетін облигатты тоғышарлар. Соңғысы қиярмен қатар қарбыз, қауын және асқабақ дақылдары ақұнтағының қоздырғышы, барлық аймақтарда кең таралған. Ауру белгілері көбінесеөсімдіктер өсуінің екінші жартысында, жемістер байлана бастаған мезгілде байқалады. Жапырақ тақталарында саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратынселдір ақ өңез түзіледі. Конидиялар бір-біріне тізбектелген, түссіз, цилиндр тәріздес , бір жасушалы, мөлшері E. cichoracearum - 24-36х12-16 мкм, S. fuliginea - 22-29х13-16 мкм. Ауру белгілері жапырақтармен қатар, олардың сағақтарында, сабақ желілері мен гүл шоқтарында байқалады. Жаз бойы саңырауқұлақ жыныссыз - конидия сатысында дамып, бірнеше ұрпақ береді. Инфекция жаңбыр тамшылары, ауа ағысы арқылы егіске тез таралады. Кесел қатты өршіген жағдайда жапырақтардафотосинтез қарқыны төмендеп, өсімдіктердіңөсуі баяулап, мезгілінен ерте қурайды. Нәтижесінде өнімнің түсімділігімен қатар жемістердің тауарлық сапасы төмендейді. Жаз соңынақарай жапырақтар мен сабақ желілеріндегі өңез тығыздалып, қалыңдап сұрғылт тартады. Оларда көлденеңі 90-150 мкм жететін, шар тәріздес, саңырауқұлақтың жеміс денелері- клейстотецийлер, ал ішіндегі қалташаларда пішіні дөңгелектеу, немесе эллипс тәріздес, мөлшері 20-30х10-20 мкм аскоспоралар түзіледі. Қоздырғыштар ксерофитті тіршілікке бейімделген ағзаларға жатады. Конидиялардың өніп, өсімдікті залалдауы үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-60%, температурасы 25-300 С аралығында болғаны қолайлы.
Ақұнтақ жылыжайда өсірілген қиярда да жиі кездеседі, қоздырғышы Sphaerotheca fuliginea Poll. Алдымен ауру өсімдіктер жиірек және желдеткіш өтіне жақынырақотырғызылған жерлерде байқалып, тез таралады. Химиялық қорғау шаралары дер мезгілінде жүргізілмесе, ол дақылдың түсімділігін айтарлықтай төмендетіп жіберуі мүмкін. Саңырауқұлақтыңқалталы сатысы сирек байқалады, ол бірнеше жыныссыз ұрпақ береді, инфекция конидиялар арқылы тез таралады. Бастапқы инфекция, көбінесе сырттан, желдетуге арналған терезе және т.б.саңылаулар арқылы енеді.
Қарбыз бен қауынның ақұнтағын E. cichoracearum саңырауқұлағының маманданған f.sp. cucurbitacearum Poteb. формасы қоздырады. Барлық аймақтарда таралған, әсіресе оңтүстік өңірде зияндылығы жоғары. Ауру белгілері дақылдардың жапырақтарымен қатар сағақтарында, сабақ желілерінде селдір,тез жайылатын ақшыл ұнтақ ретінде байқалады. Ол біртіндеп қалыңдап, нығыздалып, киіз тәрізді өңезге айналады. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар сұрғылт тартып, қурап, жоғары қарай ширатылады. Күзге қарай ақұнтақ жастықшаларында ауру қоздырғышының қалталы сатысы – клейстотецийлер түзіліп, келесі жылға дейін өсімдік қалдықтарында сақталады.Сырт белгілері бойынша бұл саңырауқұлақтың қияр ақұтағын қоздыратын E. сichoracearum-нан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет