Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Асқабақ тұқымдастардың кәдімгі мозаикасы



бет106/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Асқабақ тұқымдастардың кәдімгі мозаикасы. Қоздырушысы Cucumber mosaic virus.Вирус полифаг -асқабақ тұқымдастармен қатар, көптеген көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын, бұршақ тұқымдастарды залалдайды. Инфекция тұқымда сақталған жағдайда өскіндердің жарнақ жапырақтарында сақина тәріздес теңбіл сарғылт дақтар, кейінірек мозаика белгілері байқалады. Ересек өсімдіктердің жүйке аралықтары бозарып, сарғылттартады, жапырақтары қатпарланады, буынаралықтары қысқарып, сабақ желілерініңөсуі баяулайды. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердің гүл шоқтарында аналық жыныс мүшелері аз түзіледі, қияр жемістері күңгірт-жасыл тартып, ортасы дөмпиіп, пішіні өзгереді, толық жетілмейтіндіктен салмағы жеңіл келеді. Өсу кезеңінде инфекцияны өсімдік биттері таратады. Бұл вирус қызанақты залалдайды, көпжылдық қосжарнақты өсімдіктердің тамырында қыстап шығуы мүмкін.Қиярда осы аурумен қатар жасыл теңбілдену және қарбыз мозаикалары кездесуі мүмкін.
Қияр жемістерінің бозаруы. Қоздырушысы - Cucumber pale fruit viroid. Ауру белгілері жапырақтардың жіңішкеріп, қатпарлануы, көпіршіктенуі ретінде байқалады, кейінірек жүйке аралықтары ақтаңдақтанады. Кеселге қатты шалдық-
қан өсімдік сабақтарының буынаралықтары қысқарып, гүлдері ұсақталып, жапырақтары бозғылт тартады. Жемістерде ақшыл-жасыл немесе сарғылт жолақтар байқалады. Бұл вирустың негізгі ие-өсімдігі қияр, ол асқабақ тұқым- дастардың біразын заладауы мүмкін. Инфекция өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде оңай таралады, бунақденелілермен де тасымалданады. Тұқым арқылы таралады, топырақта да тіршілік қабілетін сақтауы мүмкін .
Қияр мен қызанақтың мелоидогенезі. Қоздырушысы - Meloidogyna incognita Chit. - дөңгелек құрты. Бұл ауру көбінесе жылыжайларда кездеседі, өсімдік тамырларында кішірек ақшыл, сарғылт , жай көзбен көрінетін түйнектер ретінде байқалады. Кесел жайлаған өсімдіктердің өсуі баяулайды, түсімділігі төмендейді, өсу кезеңінде олар опат болуы мүмкін. Инфекция топырақты өңдеу кезінде жұмыс құралдарымен және сумен таралады. Дөңгелек құрттың дамуына 25-300 С аралығындағы температура қолайлы.Қияр мен қызанақ басқа дақылдармен алмастырылмай бір жерге отырғызыла берсе, инфекция қорланып, ауру өрши түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет