Қызанақ, баялы және бұрыш аурулары Қызанақта саңырауқұлақтар, бактериялар және вирустар қоздыратын біраз аурулар кездеседі. Олардың негізгілеріне макроспориоз, фитофтороз, бактериозды теңбіл және вирус қоздыратын стрик жатады. Танаптық жағдайда макроспориоз бен альтернариоз басым болса, жылыжайда – кладоспориоз, ақ шірік жиірек кездеседі. Бұл дақыл ақұнтақ, филлостиктоз, септориоз, антракноз, фомоз сияқты ауруларға да шалдығады, бірақ олар сирек кездеседі. Бактериялы ісік немесе обыр карантинді нысанға жатады. Баялды мен бұрыш көптеген ауруларға табиғи иммунитеті жоғарылығымен ерекшеленеді. Олардың өскіндерінде ризоктониозды шіру, ересек өсімдіктерде бактериоздар мен вироздар және жеміс қынапшаларының қараюы кездесуі мүмкін.
Қызанақ пен баялдының тамыр шіріктері. Қоздырушылары - Phytium debarianum Hess. Ооmycotа класының Пероноспоралылар қатарына жәнеRhizoctonia solaniKuhn., жоғарғы сатысы - Hypochnus solani Prill. Et Delacr. Deutermycota класының Стерильді мицелийлер қатарына жатады.Қосжарнақты біраз өсімдік түрлерінде факультативті патогендер ретінде белгілі. Жарнақ жапырақ кезеңінде өскіндер сабағы қарайып, жіңішкеріп, бунақталып, соның салдарынан солып, қурап опат болады. Көшетханаларда жарықтың жетіспеуінен, тұқым мөлшерден артық себіліп, көшеттер өте жиі шықса және шамадан тыс суғарылса ауру өрши түседі.Оларды ашық танаптарға қызбаған, ылғалдылығы жоғары топыраққа отырғызу, топырақтың беткі қабатының қабыршықтанып қатып қалуы аурудың дамуына қолайлы. Инфекция топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Фитофтороз. Қоздырушысы –Ооmycotакласының Фитофторалылар туыстығына жататын Phythоphtora infestans A. de Bary. Бұл саңырауқұлақ картоп фитофторозының қоздырушысы ретінде белгілі, кейде қызанақты да залалдайды. Ауа-райы жаз айларында құрғақ және ыстық келетін оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұл ауру сирек кездеседі. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде - жапырақтардың ұшы мен шеттерінде күңгірт-жасылсуланған сияқты, кейінірек қоңырқай тартатын дақтар, сабақтар мен жапырақ сағақтарында жолақтар мен шытынаған сызаттар, жемістерде - домалақтау шұңғыл дақтар ретінде байқалады. Жаңбыр жиі жауып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса залалданған мүшелердің төменгі бетінде селдір ақ өңез түзіледі. Саңырауқұлақ мицелийлері көлденең перделермен бөлінбеген, конидиялар жұмыртқа немесе лимон тәріздес, мөлшері 25-30х15-20 мкм, сағақтары бұғы мүйізі сияқты тарамдалған. Өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары мен ауа ағыны арқылы таралады.Күзге қарай залалданған өсімдік мүшелеріндеқоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына берікқалың қабықшамен көмкерілгенооспоралар түзіледі.Ауру қоздырғышы осы сатыда қыстап шығады.