Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет115/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Сұр және басқа шіріктер. Қоздырушысы –Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жататын Botrytis alli Munn.Пиязшықтар өсу кезеңінің соңына қарай танапта залалдануы мүмкін, бірақ ауру оларды қоймада сақтау кезіндеанық байқалады. Мойын жағындағы сыртқы орама қабықшалардың астындағы ұлпа ыстық сумен шарпыған сияқтыжұмсарып, қоңырқай тартып, шіри бастайды. Кейінірек саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын тығыз сұрғылт өңез пайда болады. Сағақтар ұшында пішіні эллипс тәріздес, екі ұшы үшкірлеу, мөлшері 7-16х4-6 мкмконидиялар топтаса орналасады. Жиын-терін кезеңі жаңбырлы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болуынан пиязшықтар толықтай пісіп жетілмесе ауру жиірек кездеседі. Қойманың ылғалдылығы мен температурасы жоғары болса, ауруөршіп, біртіндеп басқапиязшықтарға таралады,олар сақтау кезінде толықтай шіріп кетуімүмкін. Өнім шіруінің себепшісіFusariumтуысына жататын саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Кеселге шалдыққанпиязшықтардымақта тәріздес, үлпілдеген ақшыл немесе сарғылт өңез басады. Танаптан жаңа жиналған өнім ішінде, сыртқы орама қабықшалары ғана сақталып,жұмсарып, тұтасымен сулы шірікке айналған, жағымсыз иіс шығаратын бірен-саран пиязшықтар кездеседі. Аурудың қоздырғышы – сапрофитті бактериялар, олар қоршаған ортада жиі кездеседі. Саңырауқұлақтар қоздыратын аурулардың инфекциясы өсімдік қалдықтары мен топырақта склероций ретінде сақталады, көбінесе жиын-терін кезінде жұғады.
Сары ергежейлену. Қоздырғышы – Onion yellow dwarf virus.Ауру белгілері пияз бен сарымсақ жапырақтарында сарғылт жолақтар ретінде байқалады, олар ширатылып, өсімдіктердің бойы өспей жер тағандап қалады. Тұқымдықтардың гүлсыйдамдары сарғайып ширатылады, бойы өспей ергежейленеді. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктердің гүл шоғырлары ұсқынсызданып,түзілген тұқымдар майда келеді. Өсу кезеңінде инфекцияны өсімдіқ биттері тасымалдайды, механикалық жарақаттар арқылы ауру оңай жұғады.
Дитиленхоз. Қоздырушысы - Ditylenchus dipsaci Kuhn. дөңгелекқұрты. Өсімдіктердің өсуі баяулап, жапырақтары жуандап, ширатылыды. Жуашықтардың сыртқы орамаларында ақшыл дақтарпайда болып, ішкі ұлпалары жұмсарып, онда терең сызаттар немесе жарықшақтар байқалады. Кеселге шалдыққан сарымсақтыңпішіні өзгереді, сабақтары жуандап, жапырақтары сарғайып қурайды, түбіртегі жөкеленіп, жуашықтары бір-бірінен оңай ажырайды. Қоймада сақтау кезінде олардың сыртқы қабықшасы сарғаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет