Шырыштыбактериоз. Негізгі қоздырушысы - Ervinia carotovora Holl.Бактерия таяқша тәріздес, 2-3 жасушадан тұратын қысқа тізбектүзеді, ұзындығы 0,5-1х2-3 мкм, сұйық ортада талшықтары арқылы қозғалады, Грам әдісімен боялмайды,спора түзбейді. Картоп агарында ақшыл-сұр, дөңгелектеуортасы дөңес шоғырлар түзеді. Ауру танапта басталып, қоймада қаудандарды сақтау кезінде жалғасып, жиналған өнімді біраз шығынға ұшыратады. Сыртқы орама жапырақтар қоңырқай тартып,шырышталып, жағымсыз иіс шығарып, шіри бастайды. Ауа райы құрғақ болса олар біртіндеп құрғап, жұқарып, сұрғылт тартады. Көпшілік жағдайда кесел қаудан өзекшесінен басталып, ішкі орама жапырақтартұтасымен шіруіненөзекшесі қуыстанып, жиын-терін кезінде көсеусабағынан үзіліп түседі. Кеселге шалдыққан, бірақ белгілері сырттай анық байқала қоймаған қаудандарды қоймада сақтау кезінде ауру жалғасып, толығымен шіриді. Инфекция біртіндеп сау қаудандарға жұғуы мүмкін. Олардың өсімдік биттері және т.б. зиянкестермен зақымдалуы, күз салқын және жаңбыр мол болуы ауруды өршіте түседі. Бактерия талғампаз емес, көптеген өсімдіктердің шырынды жемістері мен тамыр жемістерін және т.б. мүшелерін залалдайды.
Жүйке-талшық бактериозы. Қоздырғышы - Xanthomonas campestris Pamm. Smith. Бактерия таяқша тәріздес, сұйық ортада белсенді қозғалады, мөлшері 0,5-0,7 мкм, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды. Картоп агарында беті жылтыр, күңгірт - сарыдөңгелек шоғырлар түзеді. Ауру әсіресе тұқымдықтарда кең таралған және зияндылығы жоғары. Жапырақ сағақтары менкөсеусабақтың талшық –түтікшелері қоңырқай тартып, қараюы ретіндебайқалады. Отырғызуға ауруға шалдыққан қаудандар пайдаланылса, өсімдіктердің өсуі баяулап, жапырақтар ерте сарғайып, тез қурайды, сабақтары мен қындарында жылтыр қоңырқай жолақтармен дақтар пайда болады, тұқым толысып жетілмейді. Кеселге шалдыққан қаудандардың тауарлық сапасы төмендейді және олар ұзақ сақталмай, тез шіриді. Өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары, ауа ағыны, зиянкес жәндіктер арқылы таралады. Тыныс жолдары, болар-болмас механикалық закымдалған ұлпаларарқылы бактерия өсімдік жасушасына еніп, су жүргізетін түтікшелерге тез таралады. Инфекция тұқымда, айшық гүлділердіңжиын-теріннен кейінгіқалдықтарында сақталады. Қырыққабат бір жергеқатарынан 2-3 жыл отырғызылса ауру өрши түседі.