Алма мен алмұрт аурулары
Алманың кең таралған ауруларына таз қотыр, ақұнтақ, жемістердің монилиозды шірігі, цитоспороз, қара ісік, немесе обыр жатады. Тәлімбақта өсірілген жас ағаштарда тамыр ісігі кездесуі мүмкін. Соңғы жылдарыжеміс ағаштарының бактериялы күйігі деп аталатын, бұрын карнатинді нысан болып саналған ауру кеңінен таралуда. Аталған ауруларғаалмұрт та шалдығады, бұл дақылға ең зияндылары - монилиозды шірік пен бақтериялы күйік.
Ақұнтақ. Қоздырушысы - Podosphаera leucotricha Salm.Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Ауру белгілері алмада ерте көктемде, жаңадан жайылып келе жатқан жапырақтар мен олардың сағақтарында және гүл шоқтарында саңырауқұлақң мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын, ақшыл,біртіндеп сұрғылт тартатын ұнтақ немесе селдір өңез ретінде байқалады. Конидияларбір жасушалы, мицелий ұшында бір-бірінетізбектеле орналасады, пішіні эллипс тәріздес, реңі түссіз, мөлшері 22-37х11-17 мкм. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар ширатылып, бозғылт тартады, фотосинтез екпінділігі төмендейді, бұташалардың өсуі баяулап, қыста үсікке беріктігі төмендейді. Жемістер байланғанның өзінде, толық пісіп, жетілмей ерте түсіп қалуы мүмкін. Жаз айларында саңырауқұлақ жыныссыз көбейіп,бірнешеконидияұрпақтарын береді. Олар ауа ағысы және жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Кей жылдарыауру жаз ортасында қайта өршиді, бірақта жапырақтар мен сабақтар қатайып кеткендіктен айтарлықтай зиян келтірмейді.Күзге қарай мицелий шоғырында реңі қарақоңыр, көлденеңі 62-78 мкм жететін шар тәріздес, жеміс денелері – клейстотецийлер, ал олардың ішінде аскоспоралар түзіледі. Голден делишес, Кандил синап, Старкримсон, Заря Алатау, Пармен золотой сорттары бұл ауруға беріктігімен, Апорт, Заилийское, Ренет Симиренко және т.б. бейімділігімен ерекшеленеді. Қыс жұмсақ, сәуірдің соңы мен маусым айында өткінші жаңбыр жиі жауып, ауа температурасы 20-250 С аралығында болуы аурудың өршуіне қолайлы.Алмұртта бұл ауру сирек кездеседі, белгілері алмадағыдай. Инфекция біржылдық бұташалардың өсу бүрлерінде мицелий ретінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |