Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар



бет120/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар
Саңырауқұлақтар қоздыратын Асқабақ тұқымдастардың қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады және өсімдіктердің өсу кезеңінде қалай таралады?
Қызанақ пен баялының саңырауқұлақтар қоздыратын қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады?
Жылыжайларда қияр мен қызанақ қандай ауруларға шалдығады, олардың таралуы мен дамуын тежеу үшін қандай шаралар қолданылады?
Вирустар мен бактериялар қоздыратын қияр мен қызанақтың қандай ауруларын білесің, олардың инфекциясы қайда сақталады және қалай таралады?
Қырыққабат бактериоздары, олардың негізгі белгілері, таралу ерекшеліктері жайлы не білесің?
Саңырауқұлақтар қоздыратын пиязда қандай аурулар кездеседі, Пиязшық мойынының сұр шірігінің даму ерекшеліктеріне тоқтал.
Көкөніс дақылдар ауруларының таралуы мен дамуын шектеуде ауыспалы дақыл, органикалық және минералды тыңайтқыштар қандай рөл атқарады ?
Көкөніс және бақша дақылдарының тұқым арқылы таралатын вирус және бактериялы аурулардан айықтыру үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?
Топырақтағы саңырауқұлақтар инфекциясынан қорғау үшінкөкөніс дақылдарының өскіндері мен көшеттерін қандай препараттар қолданылады?
Саңырауқұлақтар қоздыратын асқабақ тұқымдастардың ауруларына қарсы қандай фунгицидтер қолданылады, олардың қолдану ерекшелігі?
Қызанақ ауруларына қарсы қолданылатын фунгицидтер және олардыңқолдану ерекшелігіне тоқтал.
Пияздың пероноспороз және басқа ауруларына қарсы қандай фунгицидтер қолданылады?



26-сурет. Қиярдың жалған ақұнтағы немесе пероноспорозы

27-сурет. Қызанақ жемісінің бактериялы шіруі және альтернариозы
28- сурет Қызанақ макроспориозы.


ЖЕМІС ЖӘНЕ ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс аймақтарының ауа-райы шекілдеуікті жеміс ағаштарына жататын алма мен алмұрт өсіруге өте қолайлы. Бұрын бұл өңірлерде оларды өсіруге мамандандырылған ірі шаруашылықтар болған. Өткен ғасырдың 90-жылдары үлкен қалалар төңірегіндегі алма бақтары жөн-жосықсыз кесіліп, жеміс өндіру біраз құлдырап кетті, алыс шетелдерден сапасыз өнім тасымалданды. Әйгілі «Апорт» сорты өсірілетін Алатау бауырайындағы жүздеген гектар бақтарқопарылып орнына тұрғын үйлер салынды. 2000 жылдан бастап жаңа бақтар отырғызыла бастады. Еліміздің батыс пен шығыс өңірлерінде жеміс ағаштарын өсірумен әуесқой бағбандар айналысады, солтүстік аймақта бірен-саран тәжірибе бақтары сақталған. Өрік, алхоры, шие және т.б.сүйекті жеміс ағаштары көбінесе саяжайлар мен тұрғын үй айналасында өсіріледі, өндірістік деңгейдегі бақтар сирек кездеседі .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет