Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Қарашірік немесе альтернариоз



бет117/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қарашірік немесе альтернариоз. Қоздырғышы -Deuteromycotaа класының Монилиялылар қатарына жататын Alternaria radicina M. et E. Ауруға шалдыққан өскіндердің тамыр мойыны қарайып, жапырақтары солып, қурай бастайды. Жаңбыр жиі жауып, ауаның ылғалдылығы жоғары болса, залалданған мүшелерде саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын күңгірт-жасыл өңез түзіледі. Конидиялар бір-біріне тізбектелген, немесе қосарланған, түйрегіш тәріздес, көлденең және тік перделемен бөлінген, мөлшері 100-300 х15-50 мкм, денесінен 2-3 есе ұзын жіңішке мойынмен аяқталады.Ауруға тұқымдық өсімдіктердің барлық мүшелері шалдығады, жапырақ сағақтарында қоңырқай нүктелер мен сызықшалар,сабақтар мен гүлсыйдамдарда жолақтар мен сызаттар, терең жараларбайқалады. Гүл шоғыры мен тұқым да залалданады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса дақтардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын күңгірт-жасыл немесе сұрғылт өңез түзіледі. Тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде олардың жоғарғы ұшы мен сыртында ойыстау сұрғылт, ішкі ұлпаларындамен сақиналанған жылтыр қара дақтар байқалады. Инфекция тамыржемістерде және өсімдік қалдықтарында танаптарда сақталады.
Ақшірік. Қоздырғышы Deuteromycota класының Стерильді мицелийлер қатарына жататын Sclerotiniа sclerotiorum A. deBary саңырауқұлағы. Тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде байқалады. Алдымен олардың ауруға шалдыққан бөлігі жұмсарып, суланады, реңі өзгеріп, қоңырқай тартады, үстін мақта төріздес ақ өңез басады, алғаш сұрғылт, кейінірек біртіндеп қараятын саңыраукұлақ қарамықтары пайда болады. Қойма ылғалдылығы мен температурасы жоғары болса, инфекция сау тамыржемістерге оңай жұғады.Органикалық және азот тыңайтқыштарынмөлшерден артық қолдану, тамыр жемістер кеш және жаңбырлы күндер жиналып, жақсы кептірілмеуі, үсікке шалдығуы қоймада ауруды өршітеді.
Сулы шірік. Қоздырушысы - Erwinia carotovora Holl. Бактерия таяқша тәріздес, анаэробты жағдайда өсіп көбейеді. Ауру белгілері тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде олардың жоғарғы ұшында ақшыл-қоңыр дақ ретінде байқалады. Кесел қатты өршіген жағдайда ұлпалардың тез ыдырауынан тамыржемістердің сырт пішініөзгеріп, олар жағымсыз иіс шығаратын қойыртпаққа айналады. Ауру тез тарайды, 1-2 апта ішінде жиналған бүкіл өнім шіріп кетуі мүмкін. Инфекция өсімдік қалдықтары мен топырақтасақталады, қоймаларда, жиын-терін кезінде пайдаланылатын саймандар мен жабдықтарда кездеседі. Бактерия көптеген қөкөніс пен жемісдақылдарының суға бай өнімдерін, тамыр жемістер мен түйнектерді залалдайды.

Асхана қызылшасы мен шалқан аурулары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет