Шие жапырақтарының бұйралануы.Қоздырушысы–Жалаңаш қалталыларөкіліExoascus cerasi Sadebeck . Кесел жайлаған бұташалар бүрінен көптеген жіңішке жанама сабақтар шығатындықтан, олар сыпыртқы тәріздес көрінеді. Ауруға шалдыққан жапырақтар ертерек жайылады, шеті ширатылып, алақаны қатпарланып, төменгі бетінде қоймалжың сарғылт өңез байқалады. Онда бір-біріне жабысып, тығыз орналасқан, пішіні цилиндр немесе түйрегіш тәрізес, жоғарғы ұштары доғал, мөлшері 30-50х7-10 мкмқалташалар түзіледі. Олар бүрлену арқылы көбейеді, әрқайсысында 8-ден эллипс тәріздес аскоспора болады.
Алхоры жемістерінің қалташығы. Қоздырушысы - Exoascus pruni Fuck. Ауру жемістер пісе бастағанда байқалады, ұсқынсызданады, сүректеніп жеуге жарамайды. Олардың үстінде саңырауқұлақ қалташаларында пішіні домалақтау немесе эллипс тәріздес, ені 4-5 мкм аскоспоралардан тұратыселдір өңез түзіледі . Біржылдық бұташаларда мицелийлер, жапырақтарда аскоспоралар қыстап шығады. Ауру мамыр мен маусым айларында жаңбыр мол жылдары байқалады.
Алхоры шаркосы немесе шешегі.Қоздырушысы -Plum pox virys потивирус тобына жатады. Олсүйекті жеміс ағаштарының ішінде өрік пен шабдалы, алша мен бадам және шөптесін өсімдіктердің бірнеше тұқымдастарынзалалдайды. Батыс Еуропа мен Батыс Азия елдерінде кең таралған, ТМД кеңістігінде карантинді нысанға жатады. Ауру тікпе көшеттер арқылы таралуы мүмкін. Белгілері ерте көктемде жапырақтар мен жүйкелерде сақиналанғанақшыл-сары дақтарнемесебозғылт немесе сарғылт жолақтар ретінде байқалады. Жемістерсеміп, іші қоңырқай тартып, тұрпаты өзгеріп, сүйектерінде сақина тәріздес сұр дақ байқалады, толық жетілмей, мезгілінен ерте түсіп қалады. Инфекция өсімдіктер бір-бірімен жанасқанда, күтіп-баптау кезінде оңай жұғады.Оны тасымалдауда өсімдік биттері біраз рөл атқарады.
Алхорының ергежейленуі.Қоздырушысы - Prune dwarf virus.Шие, алхоры мен шабдалды, 70-ке жуық сәндік ағаштар мен бұталарды және шөптесін өсімдіктерді залалдайды. Ауруға шалдыққан алхоры жапырақтары майдаланып, көмпиіп қатпарланады, қатаяды. Көктемде өсімдіктердің өсуі тоқырап, бұталардың жоғарғы ұшы бүріседі. Жаз айларында температура жоғарылаған кездеолардың өсуі қалпына келгенмен, жапырақтар майда және қатайған қалпында қалады. Шие жапырақтары сарғылт тартады, шабдалының бойы өспей, ергежейленеді. Ерте көктемде байқалатын хлорозданған сақиналар мен жолақтар кейінірек ойылып түсуі мүмкін. Ауруға шалдыққан өріктің қаңқа бұталарының қабықшалары некроздалып, шайырланады. Өсінді және жеміс бүрлері, жеке бұташалар, біртіндеп 5-6 жылда бүкіл ағаш опат болуы мүмкін. Инфекция өсімдік гүлдерін тозаңдандыратын бунақденелілер арқылы таралады.
Сүйекті жеміс ағаштарында басқа да вирус аурулары кездеседі. Мәселен, сақиналынекрозды дақтың қоздырушысы-Prunus necrotic ring spot virus170-ке жуық жеміс және сәндік ағаштар мен бұталарды, солардың ішінде шие, алхоры мен шабдалыны жәнешөптесін өсімдіктерді залалдайды. Ауру белгілері жапырақтарда сақиналанған дақтар ретінде байқалады, жемістер некроздалып, мезгілінен ерте түседі. Сонымен қатар, шабдалыдасарғылттану- деп аталатын Prunus persicaқоздыратын микоплазма ауруы кездесуі мүмкін. Қазақстанда жеміс ағаштарының және басқада дақылдардың вирустар мен микоплазмалар және вироидтар қоздыратын аурулары жете зерттелмеген. Апорттың азғындауының бір себебі вирустары –деген тұжырымның теориялық негізі жоқ, арнайы тәжірибелермен нақты дәлелденбеген.