Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар
Саңырауқұлақтар қоздыратын алма мен алмұртта қандай аурулар кездеседі, олардың қоздырғыштары жайлы не білесің?
Таз қотыр ауруы алма мен алмұрттың қай мүшелерінде байқалады, қоздырғышының қандай ерекшеліктері бар? Инфекция өсімдіктердің өсу кезеңінде қалай таралады және қайда сақталады ?
Монилиоз немесе жемістердің сұр шірігіауруы жайлы не білесің? Ол не себепті көбінесе зақымдалған жемістерде байқалады? Ауру қоздырғышының биологиялық ерекшеліктеріне тоқтал?
Саңырауқұлақтар қоздыратын шекілдеуік жеміс ағаштарының ауруларының таралып, дамуына ауа-райы қалай әсер етеді?
Бактериялар мен вирустар қоздыратын алма мен алмұрттың қандай ауруларын білесің, белгілері қалай байқалады?
Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі жайлы не білесің, оның таралуын шектеу үшін қандай шаралар іске асырылуы қажет?
Сүйекті жеміс ағаштарында саңырауқұлақтар қоздыратын қандай аурулар кездеседі, олардың қоздырғыштары жайлы не білесің?
Клястероспориоз ауруына қай дақыл бейім оның белгілері қалай байқалады, қоздырғышы қай класқа жатады, инфекциясы қайда сақталады ?
Сүйекті жеміс ағаштарының ішінде монилиоз немесе сұр шірікке қайсысы бейім, қай мүшелерінде байқалады, қоздырушысының биологиялық ерекшеліктері?
Шабдалы және т.б. сүйекті жеміс ағаштары жапырақтарының бұйралануының , қоздырғыштары қай қласқа жатады, не себепті жалаңаш қалталылардеп аталады, қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері, инфекциясы қайда сақталады?
Бактериялар мен вирустар қоздыратын сүйекті жеміс ағаштарының қандай ауруларын білесің, олар қалай байқалады?
Шарко ауруы жайлы не білесің, оны таратпау үшін қандай шаралар іске асырылуы қажет?
Жүзім мен жидек аурулары
Жүзім адам ағзасына өте пайдалы, тез қорытылатын көмірсулар, қант және түрлі витаминдерге бай жеміс ретінде қолдануға және шарап өндірісі үшін өсіріледі. жылу сүйгіш дақыл болғандықтан еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс өңірлеріөндірістік мақсатта өсіруге өте қолайлы. Өткен ғасырдың 80- жылдары маскүнемдікке қарсы күрес деген желеумен жүргізілген саяси шара кезінде, жүзімдіктержөн-жосықсыз қопарылып, дақылдың егіс көлемі мен өндірісі құлдырап кетті. Соңғы жылдары жаңа жүзімдіктер отырғызылып, өндіріс біртіндеп қалпына келтірілуде.Жидек дақылдарынан көптеген аймақтарда саяжайлар мен тұрғын үй маңында құлпынай, таңқурай, қарақат пен қарлыған өсіріледі, лардың өндірістік көлемдегі алқаптары сирек кездеседі.
Жүзім аурулары
Бұл дақылдың аса зиянды, кең таралған ауруларына саңырауқұлақтар қоздыратын ақұнтақ немесе оидиум және жалған ақұнтақ немесе мильдю жатады. Олармен қатар кей аймақтарда антракноз, церкоспороз және т.б. микоздар таралған, бактерия қоздыратын тамыр ісігі кездесуі мүмкін. Бұл дақылдың вирус аурулары жете зерттелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |