Мильдю немесе жалған ақұнтақ. Қоздырушысы – Plasmopara viticola Berl. et Toni. Ооmycоtа класының Пероноспоралылар қатарына жатады. Ауру белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде байқалады. Жапырақтарда майланған сияқтыжарық өткізетін, бозғылт-жасыл, кейіннен қоңырқай тартатын домалақтау, немесе жүйкелермен шектелген жайылған дақтар пайда болады. Жаңбыр жиі жауып, ауа-райы қоңыр салқын (18-250 С) болып, тамшы ылғал жапырақтарда ұзақ сақталса дақтардың үстінде үлпілдеген нәзік ақшыл өңез түзіледі. Ол саңырауқұлақ мицелийлері мен арнайы сағақтарда орналасқан пішіні жұмыртқа тәріздес, түссіз, мөлшері 12-30х8-17 мкм зооспорангийлерден тұрады. Температура жоғары, ауа-райы құрғақ болса дақтар қызғылт-қоңыр тартып, жапырақтар біртіндеп қурап, мезгілінен ерте түседі. Нәтижесінде фотосинтез үрдісінің қарқыны, жемістерде қанттың қорлануы төмендейді. Ауруға шалдыққан жеміс шоғырлары мен жидектер қоңырқай тартады, соңғылары шытынап, біртіндеп солып, кебеді, ауа ылғалдылығы жоғары болса толығымен шіріп кетеді. Кеселге шалдыққан жапырақтар мен жемістерде жаз соңына қарай, немесе күзде домалақтау келген, сарғылт немесе қоңырқай, көлденеңі 30-35 мкм ооспоралар түзіледі. Көктемде олар өніп, іші зооспораларға толы зооспорангийлербереді. Өсу түтікшелері тыныс саңылаушалары арқылы жапырақтарға еніп, шоғырланған мицелийлер өсімдік ұлпаларын торлайды береді. Маусым мен шілде айларында жаңбыр жиі жауып, ауа температурасы 17-250 С аспай, жапырақтар мен жеміс шоғырларындатамшы ылғал ұзақ сақталуы аурудың дамуына қолайлы. Жүзімнің өсу кезеңінде инфекция жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Ркацители, Кулджинка, Мускат венгерский, Пино черный, Қаракөз , Рислинг сорттары ауруға өте бейім, Саперави, Алиготе, Жемчуг Саба, Тайфи розовый берігірек. Инфекция өсімдік қалдықтарында ооспоралар ретінде сақталады.
Оидиум немесе ақұнтақ.Қоздырушысы -Аscomycotа класының Эризифалылар қатарына жататын Uncinula necator Buril. Ауру белгілері жүзімнің барлық мүшелерінде байқалады. Жапырақ тақталарының екібетінде алғаш селдір ақ өңез түзіледі, ол біртіндеп жайылып, қалыңдап сұрғылт тартады. Ол саңырауқұлақ мицелийлері мен сағақтарда тізбектелеорналасқан, пішіні бөшке тәріздес, түссіз, мөлшері 30-12 мкм,бір жасушалы конидиялардан тұрады. Кеселге қатты шалдыққан жапырақтар қурап, мезгілінен ерте түсіп қалады,фотосинтез қарқындылығы төмендейді.Жасыл шиендерде алдымен қоңырқай дақтар, олардың үстінде әрең байқалатын жұқа сұр өңез түзіледі. Жидектерді ақшыл өңез немесе ұнтақ басады, ауа райы құрғақ болса олар шытынап жарылады, солып, біртіндеп қурайды, ылғалды болған жағдайда шіри бастайды, жағымсыз иіс шығады. Жаз бойы саңырауқұлақ бірнеше жыныссыз ұрпақ береді, инфекция ауа ағысы мен жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Аурудың дамуына өткінші жаңбырдан кейін ауа температурасы жоғары (27-320 С) болғаны қолайлы. Ркацители, Жемчуг Саба, Кулджинка, Мускат венгерский, Пино черное сорттары ауруға өте бейім, Саперави мен Қаракөз орташа шалдығады, Алиготе мен Тайфи розовый – берігірек. Күзге қарай залалданған жемістер мен жапырақтарда саңырауқұлақтың жеміс денелері –шар тәріздес, көлденеңі 80-90мкм жететін клестотецийлер, ң ішіндегі қалташаларда пішіні эллипс сияқты, түссіз, мөлшері 14-16х 9-12 мкм аскоспоралар түзіледі. Олар келесі жылға дейін сақталатын инфекция ошағы.