Құлпынай бактериозы. Қоздырушысы – Хаnthomonas fragariae King.Жапырақ тақталарында жүйкелермен шектелген сүйір дақтар байқалады. Бактерия жасушалары таяқша тәріздес, Грам әдісімен боялмайды, спора түзбейді, ұшындағы бір немесе екі талшық арқылы сұйық ортада қозғалады. Картоп агарында беті жылтыр, кейде бұдыр, шырышталған,сарғылт домалақ шоғырлар түзеді. Жасанды ортада өсуіне 25-300 С аралығындағы температура қолайлы. Инфекция көшеттер арқылы таралуы мүмкін, өсімдік қалдықтарында сақталады.
Құлпынай мен таңқурай жапырақ жүйкелерінің бозаруы немесе хлорозы. Қоздырушысы - Raspberry vein chlorosis virus, Рабдовирустар тұқымдасына жатады. Раушан гүлді мәдени және жабайы өсімдіктерді залалдайды. Ауру белгілері жапырақ жүйкелерін бойлай, немесе шетінде орналасқан бозғылт немесе сарғылт дақтар ретінде байқалады. Инфекциятікпе көшеттер, өсу кезеңінде өсімдік биттері арқылы таралады.
Жапырақтардың сақиналы дағы. Қоздырушысы –Raspberry ringspotvirusНеповирус тобына жатады. Қосжарнақтыларға жататын15 тұқымдасөсімдік түрлерін , соның ішінде құлпынай мен таңқурай, қызыл қарақат пен жүзім және т.б. жидектерді залалдайды. Ауру белгілері жапырақтардың орталық жүйкелері аралығында орналасқан ақшыл, кейінірек қоңырқай тартатын сақиналанған домалақтау дақтар ретінде байқалады. Инфекция отырғызуға арналған көшеттер, тұқым және дөңгелек құрттарарқылы таралады. Жоғарыда көрсетілген вироздармен қатар құлпынай мен таңқурайды темекінің жолақтану вирусы және т.б. залалдауы мүмкін.
Студенттердің берілген материалды қалай игергенін тексеруге арналған сұрақтар Саңырауқұлақтар қоздыратын құлпынайдақандай аурулар кездеседі, қоздырғыштары жайлы не білесің? Олар өсімдіктің қай мүшелерін залалдайды, белгілері қалай байқалады?
Құлпынай жапырақтарының теңбілденуі мен жемістерінің сұр шірік ауруларының инфекциялары қайда сақталады? Олардың тарлып, дамуына ауа-райы қалай әсер етеді?
Саңырауқұлақтар қоздыратынқарақат пен қарлығанның қандай ауруларын білесің, олар өсімдіктердің қай мүшелерін залалдайды, белгілері қалай байқалады?
Қарлыған ақұнтағының қоздырғышы жайлы не білесің, ол қай қласқа жатады, қандай даму сатылары бар, ауру инфекциясы қайда сақталады?
Қарақат септориозы жайлы не білесің,ауру белгілері қалай байқалады, қоздырғышы қай қласқа жатады, инфекциясы қайда сақталады?
Фитофторозқұлпынай мен таңқурайдыңң қай мүшелерінде және қалай байқалады? Олардың таралуын шектеу үшін қандай шаралар қолдану қажет?
28-сурет. Алма жемістерінің таз қотыры. 29- сурет. Өрік жемісі мен алхорынын клястероспориозы немесе ойық дағы
30-сурет. Алмұрт пен алма жемістерінің сұр немесе монилиозды шірігі
31 – сурет. Алхоры, алмұрт пен алма жемістерінің сақтау кезіндегі сұр шіріктері
32- сурет. Жүзім жапырақтарының ақ ұнтағы немесе оидиум және
мильдью аурулары
а б
33- сурет Жүзім жеміс шоғырларының мильдю (а) және оидиум (б) аурулары
34-сурет.Шабдалының ақ ұнтағы 35-сурет.Таңқурай жапырақтарының хлорозы