Қарақаттың тат аурулары. Қоздырғыштары - Cronartium ribicola Dietr. және Puccinia ribercii- caricis Kleb. Basidiomycotа класының Урединиялылар қатарының өкілдері. Екі иелі саңырауқұлақтар, біріншісінің спермогоний мен эций сатылары балқарағайда, екіншісінікі - қияқөлеңде дамиды. Ауруды бірінші саңырауқұлақ қоздырса, қарақат пен қараған жапырақтарының төменгі бетінде қызғылт-сары, бұталар қабықшасында сүйел сияқты дөңес пустулаларбайқалады. Олар пішіні эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, мөлшері 21-24х14-18 мкм урединийспоралардан тұрады. Кейінірек соңғылардың орнына пішіні бағана тәріздес, жоғарғы ұшы мүйіз сияқты иілген қоңырқай телийспоралар байқалады. P. ribercii- caricisжапырақтар мен олардың сағақтарында пішіні құмыра немесе тостаған сияқты көптеген ұсақ пустулалартүзеді. Эциоспоралар дөңгелектеу, немесе сопақ, мөлшері 12-22х12-18 мкм, сырты сүйел тәрізді бедерленген қабықшамен қөмкерілген. Ауру балқарағай өсетін ормандарға жақын жабайы және мәдени қарақаттарда кездеседі. Кесел қатты дамыған жағдайда жапырақтар мезгілінен ерте түсіп, бұталар қурайды.
Қарақат пен қарлығанның ақ ұнтағы.Қоздырушысы -Sphaereotheca mors-ubae Bierk. et Curt. Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Қарақаттың жоғарғы жапырақтарындасаңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын ұнтақ тәріздес ақшыл өңез байқалады. Конидиялар бір-біріне тізбектелген, эллипс тәріздес, түссіз, мөлшері 18-25х10-15 мкм. Жаз ортасына қарай қарлыған жидектерін өңез тұтасыменбасады,тығыздалып, біртіндеп сұрғылт тартады, олардың салмағымен қатар тауарлық сапасы төмендейді. Күзде мицелий шоғырларында саңырауқұлақтың қалталы сатысы - көлденеңі 80-120 мкм, шар тәріздес жеміс денелері - клейстотецийлер түзіледі. Үздік-үздік жауған өткінші жаңбыр мен ауа температурасы 24-30 0С аралығында болуы аурудың дамуына қолайлы. Өсімдіктердің біржылдық сабақтарында мицелийлер және түскен жапырақтардатүзілетін жеміс денелерінде аскоспоралар келесі көктемге дейін сақталады.
Қарақат бактериоздары. Қоздырғыштары - Agrobacterium tumefaciens Conn. және Pseudomonas syringaepv. ribicola Yonng. et all. Бірінші бактерия көптеген жеміс ағаштарымен қатар, қарақат, таңқурай және т.б. бұталардың тамыр ісігі немесе обырын қоздырады. Екінші бактерия қоздыратын ауру белгілері жапырақтарда кішірек , алғаш майланған сияқты жайылған, қоңырқайсақиналы, сағақтар мен жемістерде дөмпиген дақтар ретінде байқалады. Бактерия денесі таяқша тәріздес, екі ұшындағы талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалады, капсула түзбейді, Грам әдісімен боялмайды. Картоп агарында ақшыл, беті жылтыр, шеті біртегіс,кішіректеу домалак шоғырлар түзеді. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тікпе көшеттер арқылы таралуы мүмкін.