Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Өсімдік ауруларының дамуына қоршаған ортаның әсері



бет146/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Өсімдік ауруларының дамуына қоршаған ортаның әсері.Аурулардың дамуы - өсімдіктер мен патогенді микроағзалардың арасындағы аса күрделі байланыстың нәтижесі. Ол қоршаған ортаның жағдайына тығыз байланысты келеді. Ауру қоздырғышы өсімдік ұлпасына еніп, өсімдікті залалдауы үшін бірнеше шарт қажет (7-сурет) .



7- сурет. Өсімдік пен қоршаған орта және патологиялық үрдістің


дамуы арасындағы байланыс
Біріншіден,белгілі бір аурудың дамуы үшін, оны қоздыратын микроағзаның болуы шарт. Ауа райының қолайлы болуына қарамастан фитопатоген мен ие-өсімдіктің бір ареалда қатар кездеспеуінен аурудың көп уақытқа дейін таралмауы мүмкін.
Екінші шарт – ауру қоздырғышының өсімдікті залалдауға қабілетті нәсілдері және оған бейім сорттар бір-бірімен кездесуі.Белгілі бір аурудың өршуі үшін міндетті түрде оны қоздыратын микроағзаның түрі, кей жағдайларда тіптен маманданған формаcы болуы қажет. Фитопатогенді микроағзалардың эволюциясы полифагтықтан немесе талғамсыздықтан, өсімдіктің түрлеріне және сорттарына бейімделу бағытында өзгеруде. Puccina graminis саңырауқұлағы морфологиялық қасиеттері бірдей, бір немесе бірнеше астық тұқымдас дәнді дақылдарға, шөптесін өсімдіктерге бейімделген физиологиялық формалардан тұрады, соңғылары нәсілдерге жіктеледі.
Үшінші шарт – аурудың тарлып, дамуына ауа райы қолайлы болуы қажет. Мәселен, жаз айларында құрғақшылық жайлаған жылдары еліміздің солтүстік өңірінде тамшы ылғал арқылы таралатын дәнді дақылдардың тат және септориоз ауруларының таралып -дамуына жағдай қолайсыз.
Патологиялық үрдістің негізгі кезеңдері.Олнегізіненүш кезеңнен тұрады: фитопатогеннің өсімдікке жұғуы, инкубациялық мерзім және ауру белгілерінің толықтай байқалуы. Патогендердің өсімдік ұлпаларына ену ерекшеліктері олардың түрлеріне байланысты. Мәселен, бактериялар механикалық зақымдалу немесе өсімдіктердің табиғи саңылаушалары мен тамыр түктері және гүл аналығы арқылы енеді. Вирус ауруларын көбінесе бунақденелілер тасымалдайды, немесе оларжұмыс құралдарымен және өсімдіктер бір-бірімен түйіскен кезде жұғады.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың өсімдіктерді залалдау үрдісі бір-бірін алмастыратын үш кезеңнен тұрады. Біріншіден, ауру қоздыратын ағза өсімдіктің белгілі бір мүшесімен (тамыр, жапырақ, сабақ, гүл ) түйісуі қажет. Екіншіден, олардың споралары өніп, мицелий беруі, үшіншіден, ол өсімдік ұлпасына енуі керек. Патогендердің көпшілігі оған сірқабық арқылы енеді. Споралар тамшы ылғалда өніп, арнайы апрессорийлер немесе инфекциялық жіпше түзеді. Соңғылары 7 атмосфераға дейін жететін қысыммен ұлпаның сыртқы қабықшасын теседі,біраз патогендер тыныс жолдары мен су саңылаушалары арқылы, мәселен пероноспора және кейбір тат саңырауқұлақтарының қоздырғыштары,өсімдік ұлпасына енеді. Астық дақылдарының қаракүйе ауруларының инфекциясы себілген тұқым өне бастағанда бірге өніп, жас өскіндерді залалдайды, немесе гүлдеу кезеңінде масаққа қонған саңырауқұлақ телиоспоралары өніп, мицелий аналық арқылы жаңадан түзіле бастаған ұрыққа жетіп, сонда сақталады. Кейбір саңырауқұлақтар ферменттері арқылы өсімдік сірқабатын ерітіп ішкі ұлпаға енеді.
Ауру қоздырғышы мен ие-өсімдіктің арасындағы қарым-қатынас фитопатогеннің споралары өнгеннен, ол өсімдік ұлпасындағы дайын органикалық қосылыстармен қоректене бастайтын мерзімді қамтиды. Бұл үрдіс 3-4 сағаттан 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Аурудың даму мерзімі оның қоздырғыштарының өсімдік ұлпасына еніп, тоғышарлық тіршілік етіп, жаңа ұрпақ түзу аралығын қамтиды. Соңғысы инкубациялық мерзімнен кейін байқалады, ол ауру түрлеріне байланысты бірнеше тәуліктен айларға созылуы мүмкін. Егер, тат саңырауқұлақтары температура қолайлы болса 7-8 тәулікте споралардың жаңа ұрпағын беретін болса, қаракүйе аурулары үшін 3-4 айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін.
Фитопатогенді ағзалардың өніп-өсуі мен инфекция үрдісінің дамуы қоршаған ортаның жағдайына, әсіресе ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығына байланысты. Көпшілік саңырауқұлақ спораларының өніп-өсуіне 20–270С, бактериялар үшін 25-350С аралығындағы температура қолайлы. Біріншілерінің споралары өсімдік мүшелерінің үстінде өніп, ұлпаға олардың мицелийлері енеді. Олардың көпшілігі тек тамшы ылғал болғанда ғана өнеді немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-100% -дан кем болмауы қажет. Тек ақұнтақ саңырауқұлақтарының өнуіне 60–70% ылғалдылық жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет