Үлкен территорияны қамтитын эпифитотия (панфитотия). Өсімдіктердің панфитотиясы бүкіл құрылықты қамтиды, бір немесе қатар орналасқан бірнеше мемлекеттерде бірден байқалады. Әр мемлекетте егілетін мәдени дақылдардың сорттарымен қатар, ауру қоздырғыштарының нәсілдік құрамы әр түрлі болады. Соңғы екі ғасырда өсімдік ауруларының бірнеше панфитотиясы байқалғаны тарихтан белгілі. 19-ғасырдың орта кезінде Батыс Еуропаны жайлаған фитофтороз Ирландияда картоп егісін түгелдей апатқа ұшыратып, миллиондаған халықты ашаршылыққа душар етті. Жүзімнің милдью ауруы Солтүстік Америка мен Еуропаның оңтүстігін жайлап, мыңдаған гектар плантацияны жойып жіберді .
Соңғы жылдары Батыс Еуропа елдерімен қатар, Украина мен Белоруста және Ресейде тараған күздік бидай масағы фузариозының эпифитотиясы жиі байқалуда. Ауру жайлаған егістердің түсімділігімен қатар, дәннің сапасы да айтарлықтай төмендейді, тіптен адам денсаулығына қатерлі микотоксиндермензалалданады. Аталған мемлекеттерде кеңінен таралған арпаның сарғылт ергежейленуінен астық дақылдарының түсімділігі 40-60%, тіпті одан да көп мөлшерде төмендеуі мүмкін.
Аурудың панфитотияға дейін дамуы, оның қоздырғышының нәсілдік құрамы мен агрессивтік қасиеттерінің өзгеруіне тығыз байланысты келеді. Мәселен, Батыс және Орталық Азиядасоңғы 20 жылда сары тат ауруы қоздырғышының нәсілдік құрамында 3 рет түбегейлі өзгеріс байқалды. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде алғаш Кенияда байқалған бидайдың сабақ таты қоздырғышының Ug-99 нәсілі оншақты жылда Африка құрылығынан Батыс және Оңтүстік Азияға таралып, қазір бүкіл дүние жүзінің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.Өсімдіктердің өсу кезеңдерінде астық дақылдарының тат ауруларының қоздырғышы бірнеше ұрпақ беретіндіктен олар тез таралады. Картоптың фитофторозы, жүзімнің ақ ұнтақ пен милдью, темекі мен күнбағыстың жалған ақұнтақ аурулары ауа райы қолайлы болса, қысқа мерзімде эпифитотияға ұласады.
Өсімдік ауруларының дамуын болжау Өсімдік ауруларымен күресу шараларын дер кезінде ұйымдастыру үшін, олардың дамуын алдын ала болжау қажет. Осыған байланыстыфенологиялық және биометерологиялық әдістерге негізделгенқысқа мерзімдікжәнеұзақнемесе көп жылдық болжаулар жасалынады.