Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Эпифитотияның ерекшеліктері мен түрлері



бет148/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Эпифитотияның ерекшеліктері мен түрлері. Өсімдік ауруларының эпифитотия дәрежесіне дейін өршуі үшін – біріншіден, оған бейім сорттар өсірілуі; екіншіден, ауру қоздыратын микроағзалардың инфекция қоры жеткілікті; үшіншіден, өсімдік залалданып, аурудың дамуына ауа райы қолайлы болуы шарт. Міне, осы үш фактор бір мезгілде болған кезде ғана ауру эпифитотия дәрежесіне дейін дамиды.



9-сурет. Оңтүстік-шығыс өңірде сары тат ауруының сәуір мен маусымда түскен ылғал мөлшеріне байланысты күздік бидай егісінде дамуы

Астық дақылдарының тат және септориоз ауруларының эпифитотиясы бірден үлкен территорияны қамтып, олардың түсімділігін едәуір төмендетіп жібереді, өнімнің сапасын нашарлатады. Ауа-райы қолайлы болса қатарынан 1-2 жыл байқалуы мүмкін, немесе келесі жылы күрт төмендеп, 2-3 жылдан кейін қайта көтеріледі. Ауру эпифитотиясы бірден бұрқ етіп байқала қалмайды, ол біртіндеп дамитын үрдіс. Эпифтотия қарсаңында ауру қоздырғышының агрессивті нәсілдері көбейіп, популяцияда үстемдік алуы қажет. Үлкен егіс көлемін қамтитын сорттарға олар біртіндеп бейімделеді, ауа райы қолайлы болса, тез көбейеді. Біраз өсімдік ауруларының күрт көбеюі бірнеше жылда бір рет қана байқалса, кейбіреулері жыл сайын айтарлықтай дамиды. Соңғыларына мысал ретінде сүйекті жеміс ағаштарының клястероспориозы мен алманың таз қотырын келтіруге болады. Оңтүстік-шығыс өңірдің тау бөктеріндегі аймақта сәуір мен маусым айларында ылғида жаңбыр мол болатындықтан, олар көбінесе жыл сайын айтарлықтай дамиды.



10- сурет. Солтүстік Қазақстанда жапырақ таты мен септориоз ауруларының жаздық бидай егісінде ауа-райына байланысты даму ерекшелігі


Аурудың таралу аймағы мен жылдамдығына байланысты эпифитотияның екі түрі: энфитотия және панфитотия байқалады. Жергіліктіэпифитотия немесе энфитотия шағын аймақты ғана қамтиды. Мысал ретінде бидайдың ергежейлі қаракүйесі мен сары тат ауруын, жүгерінің тозаңды қаракүйесін келтіруге болады. Бірінші ауру республиканың оңтүстік шығысында, Талдықорған өңірінің тау етегінде (1000-1200 м биіктікте) орналасқан күздік бидай егістерінде жиі кездеседі. Өткен ғасырдың 90-жылдары оның эпифитотиясыосы аймақта бір-екі рет байқалды. Тұқымның өну кезеңіндегі температураның төмен болуы (5-100С) дақылдыңауру қоздырғышымензалалдануына өте қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет