Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Картоптың фитофторозы мен макроспориозы, алманың тазқотыры



бет152/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Картоптың фитофторозы мен макроспориозы, алманың тазқотыры.
Бүкілресейлік фитопатология ҒЗИ-ның ғалымдары картоптың фитофтороз және альтернариоз ауруларына қарсы фунгицидтер қолдану қажеттілігін анықтау үшін шешім қабылдайтын компьютерлік үлгі ұсынған. Онда бірінші аурудың эпифитотия дәрежесіне дейін дамуы екпінділігі метерологиялық факторлардың қосындысына байланысты екеніне мән берілген. Картоптың гүлдеу кезеңіндегі күнделікті төменгі температура мен ауаның салыстырмалы орташа ылғалдылығы және апта ішінде түскен жаңбыр мөлшерін негізге ала отырып, фунгицид қолдану қажеттілігін анықтау ұсынылған. Ауруды болжауда танапқа отырғызылған түйнектер ішінде фитофторозға шалдыққандарыныңсаны шешуші рөл атқарады, оның мөлшері 1-3% болса жеткілікті.
Қазақстанда жүргізілген зерттеулер картоп егісінде фитофтороз және макроспориоздың дамуы ауа-райы жағдайына байланысты екенін көрсетті.Оңтүстік-шығыс аймақтың таулы, солтүсік өңірдегі дала және орманды дала аймақтарында олардың тарлы мен дамуы маусым мен шілдеде түскен ылғал мөлшері (r=0,81-0,92±0,23), шілде мен тамыз айларындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына тығыз байланысты (r=0,82±0,27) екені анықталды. Солтүстік аймақта фитофтороз ауруының даму қарқынын У=4,7Х1–9,37, немесе У=2,1Х2–75,6 теңдеулері арқылы болжауға болады. Предикторлар ретінде шілде айында 1 мм- ден асатын ылғал түскен тәулік (Х1) және шілде мен тамыз айларындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (Х2) алынған. Оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аймағында аурудың даму қарқыны маусым мен шілде айларында түскен ылғал мөлшері (Х2), шілде мен тамыз айларындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына (Х1) байланысты. Математикалық талдаулар нәтижесінде аурудың таралуы мен дамуын болжау үшін У = 0,86Х2–31,4 және У= 2,8 Х1-145,7 теңдеулері ұсынылған.
Алманың таз қотыры. Ауру қоздырушысы күзде түскен жапырақтарда қыстап шығады. Көктемде саңырауқұлақтың жеміс денелеріндегі қалташаларда аскоспоралар түзіліп, пісіп жетіледі, олар саңылаушалар арқылы сыртқа шашырайды. Бұл алма ағашының жапырақтары жайылып, гүлдей бастаған мезгілге дәл келеді. Аурудың дамуын болжау үшін, көктем шығысымен жапырақтарда түзілген жеміс денелеріндегі аскоспоралардың пісіп жетілуін бақылаймыз. Сонымен қатар, алма ағашының өсу фенологиясын, жапырақтарда аурудың алғашқыбелгілерінің байқалуын анықтаймыз. Алынған деректерге сүйене отырып, ауруға қарсы фунгицид шашу мерзімін белгілейміз. Алматы облысының Іле Алатауының етегінде жүргізген көпжылдық бақылау – бұл мерзім алма жапырақтарының толықтай жайылып, гүлдейбастағанына, яғни сәуір айының соңы, немесе мамырдың бірінші он күндігіне дәл келетінін көрсетті. Көптеген жүйелі фунгицидтердің белсенділігі 20-25 тәуліктен аспайтынын және мамыр мен маусым айлары жаңбырлы, аурудың дамуына қолайлы екенін ескере отырып, алма ағаштарын фунгицидпен 2-3 рет баптау жетілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет