Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Дақылдарды аурулардан қорғаудың химиялық



бет154/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Дақылдарды аурулардан қорғаудың химиялық
шараларын жоспарлау

Ауылшаруашылығы дақылдарын зиянды ағзалардан қорғау шараларын жоспарлау және ұтымды мерзімде жүргізу үшін аурулардың таралуы мен даму ерекшеліктерін тұрақты бақылап отыру қажет. Бұл жұмысты атқарғанда алға қойылатын негізгі мақсат – аурулардан келетін шығын мөлшерін алдын-ала болжап, арнайы химиялық шаралар қолдану қажеттілігін және мерзімін анықтау. Олардың экономикалық және экологиялық тұрғыдан қажеттілігін анықтау үшін әр аймақта егілетін негізгі дақылдарда аурулардың таралуы мен дамуын тұрақты бақылап, келетін шығын мөлшерін нақты білу, егілетін сорттардың ауруларға беріктігі немесе бейімділігі, агротехникалық шаралардың тиімділігі еске алынуы қажет. Таралуы ерекшеліктері мен зияндылығы бойынша өсімдік ауруларын үш топқа бөлуге болады.


Бірінші топқа тұқым немесе отырғызылатын материалдар арқылы таралатын дәнді дақылдардың қаракүйелері мен тамыр шірігі, мақтаның гоммозы, майлы және көкөніс дақылдары мен картоптың кейбір аурулары жатады. Өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетпеу үшін оларға қарсы профилактикалық, немесе арнайы шаралар тұрақты жүргізіліп отырылуы қажет. Сондықтан аталған дақылдардың тұқымын немесе түйнектерін дәрілеу міндетті шара деп саналады. Астық дақылдарының тұқымдарын химиялық препараттармен дәрілеу көлемін анықтау үшін оларды фитосанитарлық сараптамадан өткізген жөн. Себілуге немесе отырғызуға арналған тұқымның немесе түйнектердің фитопатогенді ағзалармен залалдануы экономикалық зиян келтіретін деңгейден төмен болса, химиялық препараттарқолданбай, биологиялық, немесе өсімдіктердің өсуін реттейтін, ауруға беріктігін арттыратын белсенділігі жоғарыпрепараттардыпайдалануға болады. Тұқым мен отырғызылатын материалдарды бактерия және вирус иинфекцияларынан айықтару үшін термохимиялық тәсіл қолданылады.

14- кесте. Дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және т.б. дақылдардың тұқымын, картоп түйнектеріндәрілеу жұмыстарын жоспарлау



Дақыл

Тұқым мөлшері, тонна

Қолданы-латын
препарат

Жұмсалатын мөлшері

Тұқым дәрілейтін машина

1 тонна тұқымға, л/ кг

барлы
ғына,
тонна

өнім-ділігі, сағат/т

мерзім, сөтке

қанша қажет

себілетін

дәріленетін


















































































Екінші топқа таралуы мен дамуы жыл сайын өзгергенмен салыстырмалы зияндылығы тұрақты келетін аурулар жатады. Олар - картоп пен қызанақтың макроспориозы мен альтернариозы, қиярдың және басқа да асқабақ тұқымдастардың ақ ұнтағы мен пероноспорозы, алма мен алмұрттың таз қотыры, жүзімнің ақ ұнтағы, дәнді дақылдардың гельминтоспориозды теңбілденуі. Бұл ауруларға қарсы химиялық шаралар жүйесін жоспарлағанда фунгицидтердің қолданылатын мөлшерімен қатар, жиілігі де есепке алынуы қажет.


Үшінші топқа таралу ареалы мен даму қарқындылығы жыл сайын айтарлықтай өзгеріп отыратын дәнді дақылдардың тат пен септориозы, картоптың фитофторозы, жүзімнің мильдю және т.б. аурулар жатады. Олар эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай нұқсан келеді. Бұл ауруларға қарсы фунгицид қолданылатын егіс көлемі жыл сайын өзгеріп отырады. Осы себептен де олардың әр аймақтарда таралуымен даму қарқындылығы және зияндылығын алдын-ала болжап, осыған орай химиялық құралдар қолданылатын егіс көлемін нақты анықтап отыру қажет. Ауа райының құбылмалығы аурулардың дамуына қолайлы немесе қолайсызболатынын ескере отырып, фунгицид қолданудың жиілігі, бапталатын егіс көлемінің төменгі және жоғарғы деңгейлері анықталуы керек. Ауру ерте таралып, қатты дамитын жылдары дәнді дақылдардың егісін фунгицидпен 2 рет бүрку қажеттілігі туындаса, картоптың фитофторозы мен жүзімнің мильдью ауруына қарсы бұл шара тіптен 3-4 рет қайталануы мүмкін.
Кесте 15- Астық, дәнді-бұршақ, майлы және т.б. дақылдардың ауруларына қарсы
фунгицидтер қолдануды жоспарлау



Дақыл

Егіс көлемі, га

Фунги-цид

Жұмсалу
мөлшері

Қолдану мен техника қажеттілігі

1 гек-
тарға, л, кг



барлық егіс көле-
міне, т

мерзі-мі

өнім-
ділігі, сағат/га

шашатын бүріккіш

барлығы

фунгицид қолданы-латын

жерден

әуе-ден































Мәдени дақылдардың фитосанитарлық жағдайын сараптай отырып, жеке шаруашылықтарда өсімдік қорғау құралдарын қолданудың жоспары жасалынады. Олардың көлемі ағымдағы ауа-райы жағдайы аурулардың таралуы мен дамуына қалай әсер ететіні ескерілее отырып нақтыланады. аса қатерлі аурулар санатына және карантинді нысандар үшінмемлекет тарапынан арнай қаражат бөлінетіндіктен жоспар алдын-ала әр аудан және облыс көлемінде жасалынып, оны құзырлы мекемелер бекітеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР мен ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет