Аралық ие-өсімдік – әр иелі тат саңырауқұлақтарының алғашқы сатысында і тіршілік ететін өсімдік түрі. Мәселен, астық дақылдарының сабақ татының эция және спермогония сатылары бөріқарақатта, ал урединий және телий- бидайда немесе қарабидайда және арпада дамиды.
Ажыратқыш сорттар –ауру қоздырғышының нәсілдерін немесе патотиптерін ажыратуға арналған сорттар немесе изогенді линиялар жиынтығы.
Ауру қоздырғышының патотипі – Тат, қаракүйе және т.б. саңырауқұлақ түрлерінің белгілі бір өсімдік түрлеріне маманданған, немесе аймақта кездесетін сорттарды ғана залалдайтын, ажыратқыш сорттар немесе изогенді линиялар арқылы анықталатын нәсілдері.
Бактериофаг– бактерияларды залалдап, жасушасын ыдыратып жіберетін вирус бөлшектері.
Бактерицид – бактерияларды жою үшін қолданылатын химиялық препараттар.
Ие-өсімдік – белгілі ауру қоздырғышы тұрақты тоғышарлық тіршілік ететін өсімдік түрі
Инфекция қоры – ауру қоздырғышының қоршаған ортада сақталуы, мәдени дақылдармен қатар жабайы өсімдіктерде немесе тасымалдаушы бунақденелілерде қорлануы, қыстап шығуы.
Қоректік орта - саңырауқұлақтар мен бактерияларды залалданған өсімдік мүшелеріненбөлу, өсіру және көбейту үшін қолданылатын жасанды немесе табиғи қоректік орта. Онда тек факультативті тіршілікке бейімделген микроағзалар ғана өседі.
Маманданған форма – ауру қоздырғышының мәдени дақылдардың бір немесе бірнеше түріне маманданған түршесі.
Өсімдіктер ауруы – фитопатогенді ағзалардың немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан өсімдіктердің сырт пішінінің өзгеруі,солуы, шіруі, опат болуы, жасушалары мен мүшелерінде қалыпты зат алмасуының бұзылуы .
Өсімдіктер бактериозы–- фитопатогенді бактериялар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер микозы– фитопатогенді саңырауқұлақтар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер нематодозы – дөңгелек құрттар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер вирозы – вирустардың әсерінен пайда болатын өсімдік аурулары.