Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет155/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Аралық ие-өсімдік – әр иелі тат саңырауқұлақтарының алғашқы сатысында і тіршілік ететін өсімдік түрі. Мәселен, астық дақылдарының сабақ татының эция және спермогония сатылары бөріқарақатта, ал урединий және телий- бидайда немесе қарабидайда және арпада дамиды.
Ажыратқыш сорттар – ауру қоздырғышының нәсілдерін немесе патотиптерін ажыратуға арналған сорттар немесе изогенді линиялар жиынтығы.
Ауру қоздырғышының патотипі – Тат, қаракүйе және т.б. саңырауқұлақ түрлерінің белгілі бір өсімдік түрлеріне маманданған, немесе аймақта кездесетін сорттарды ғана залалдайтын, ажыратқыш сорттар немесе изогенді линиялар арқылы анықталатын нәсілдері.
Бактериофаг – бактерияларды залалдап, жасушасын ыдыратып жіберетін вирус бөлшектері.
Бактерицид – бактерияларды жою үшін қолданылатын химиялық препараттар.
Ие-өсімдік – белгілі ауру қоздырғышы тұрақты тоғышарлық тіршілік ететін өсімдік түрі
Инфекция қоры – ауру қоздырғышының қоршаған ортада сақталуы, мәдени дақылдармен қатар жабайы өсімдіктерде немесе тасымалдаушы бунақденелілерде қорлануы, қыстап шығуы.
Қоректік орта - саңырауқұлақтар мен бактерияларды залалданған өсімдік мүшелеріненбөлу, өсіру және көбейту үшін қолданылатын жасанды немесе табиғи қоректік орта. Онда тек факультативті тіршілікке бейімделген микроағзалар ғана өседі.
Маманданған форма – ауру қоздырғышының мәдени дақылдардың бір немесе бірнеше түріне маманданған түршесі.
Өсімдіктер ауруы – фитопатогенді ағзалардың немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан өсімдіктердің сырт пішінінің өзгеруі,солуы, шіруі, опат болуы, жасушалары мен мүшелерінде қалыпты зат алмасуының бұзылуы .
Өсімдіктер бактериозы- фитопатогенді бактериялар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер микозы– фитопатогенді саңырауқұлақтар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер нематодозы – дөңгелек құрттар қоздыратынөсімдік аурулары.
Өсімдіктер вирозы – вирустардың әсерінен пайда болатын өсімдік аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет