Өсімдік ауруларының дамуын көпжылдық болжау
Өсімдік ауруларының дамуын алдын–ала бірнеше ай бұрын болжауға болады. Бұл үшін қыстап шыққан инфекция мөлшерін, олардың таралып, өсімдіктерді залалдауына ауа райы жағдайы қолайлы ма, немесе қолайсыз ба, осыны нақты анықтау қажет. Мәселен, өткен жылы жаздық бидайдың гүлдеу кезеңінде ауа райы қалай болғанын және егілген сорттардың ерекшеліктерін ескере отырып,келесі жылы тозаңды қаракүйеге олар қандай мөлшерде шалдығатынын алдын-ала болжауға болады. Тарының жабық қаракүйеге шалдығуы мен дәннің споралану мөлшерінің арасында тығыз корреляциялық байланыс бар. Демек, себер алдында тұқымның споралану мөлшерін анықтай келе, сорт ауруға бейім болса, ол қандай мөлшерде шалдығады, соған байланысты тұқымды дәрілеу қажет пе, немесе дәрілемей себуге болатынын 3-4 ай бұрын анықтауғаболады.
Еліміздің солтүстік өңірінде жаздық бидай егісінде тат және септориоз ауруларының таралуы мен дамуы маусым және шілде айларының ауа райына байланысты. Корреляциялық және регрессиялық талдаулар нәтижесінде осы кезеңде түсетін ылғал мөлшері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен гидротермиялық коэфициентінің арасында тығыз байланыс бар екені, олар аталған аурулардың дамуын болжауда сенімді предикторлар болатыны дәлелденді. Егер де, маусым мен шілде айларында түсетін ылғал мөлшерін 2-3 ай бұрын нақты білсек, олардың даму қарқынын, келетін шығын мөлшерін алдын-ала болжай аламыз. Ауа райы қолайлыжылдары тат және септориоз ауруларының келетін орасан шығынға жол бермеу үшін химиялық шара қолдануға алдын-ала дайындық жасаймыз. Жаз айлары аса құрғақ болатынын білсек, фунгицид қолдану қажеттілігі болмайды, мемлекет бюджетінен бөлінетін ақша босқа ысырап етілмейді.
Өсімдік ауруларының дамуын көпжылдық болжау үшін олардың негізгі ареалы, дамуының көпжылдық динамикасы, инфекцияның сақталуына агротехникалық шаралардың тигізетін әсерінжәнеалдағы жылдарда ауа райында болатын өзгерістердібілу қажет. Мәселен, соңғы жылдары астық және майлы дақылдарды өсірудің нөлдік технологиясын өндіріске кеңінен ендіру инфекция ошағы өсімдік қалдықтарында сақталатын септориоз, гелминтоспориоз және т.б. аурулар қоздырғыштарының аңызда сақталып, жыл сайын дамуына қолайлы. Демек, жақын жылдары бұл аурулардың дамуы өрши түспесе, төмендемейді. Керісінше, аталған технология қолданылғанда топырақта ылғал қоры көбірек болатындықтан және оның биологиялық екпінділігі артатындықтан, астық дақылдарының тамыр шірігінің дамуы мен зияндылығы біраз төмендейді.
Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде бидайдың аса қатерлі аурулары сабақ, жапырақ және сарытат пен септориоздың негізгі ареалдары анықталып, олардың эпифитотия дәрежесіне дейін даму жиілігін сипаттайтын арнайы карталар жасалды. Аталған аурулардың диагностикалық белгілері, ауа-райының көпжылдық динамикасына тигізетін әсері және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшінолардан келетін шығынды төмендетуге бағытталған агротехникалық, химиялық және селекциялық шаралар жүйесі толық берілген.Бұл деректер «Атлас природных и техногенных опасностей и рисков чрезвычайных ситуаций в Республике Казахстан» атты жинақта жарық көрген (Алматы, 2010). Республиканың солтүстік өңірінде жаз айларында түсетін ылғал кей жылдары көпжылдық мөлшерден әлде-қайда артық болуда. Осыған байланысты бұл аймақта бидай масағының фузариозы таралып, жақын арада аса бір қауіпті нысанға айналуы мүмкін. Сонымен қатар, тат және септориоз ауруларының эпифитотиясы да жиіленуі мүмкін, әсіресе сабақ татының зәрлілігі өте жоғары Yg-99 нәсілінің ТМД елдеріне таралу қаупы бар.Барлық дәнді дақылдарды залалдайтын арпаның сары ергежейлену вирусы (ВЖКЯ) , бидайдың бактериоз аурулары да қатер төндіруде.
Достарыңызбен бөлісу: |