Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет156/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Өсімдіктер микоплазмозы – микоплазма тобына жататын ағзалар қоздыратын өсімдік аурулары.
Өсімдік аурула рының депрессиясы немесе тоқырауы – ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты аурулардың даму дәрежесі төмен болуы немесе тоқырауы.
Өсімдік ауруларын анықтау – сырт белгілері бойынша және ауру қоздыратын ағзаның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы өсімдік ауруының түрін ажырату.
Өсімдік ауруларының таралуы – егістікте, көкөніс, бау –бақша дақылдарында, жеміс ағаштары мен бұташаларда ауруға шалдыққан өсімдіктер немесе олардың мүшесініңкөбінесе пайызбен көрсетілетін саны.
Өсімдіктің ауруға шалдығу немесе дамудәрежесі– пайыз немесе балл ретінде арнайы шкалалар арқылы анықталатын, өсімдік мүшелерінің ауруға шалдығу дәрежесін көрсетеді.
Өсімдік ауруларын тасымалдаушы – өсімдіктердің вирустар қоздыратын кейбір ауруларының инфекциясын бунақаяқтылар өсімдік шырынымен қоректенген кезде бір өсімдіктен екіншісіне тікелей, немесе денесінде сақтап таратады. Өсімдік вироздары мен бактериоздарының көпшілігі осы жолмен таралады.
Өсімдік ауруларының дамуын алдын-ала болжау –ауа-райына байланысты аурудың байқалу мерзімін, таралуы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның дамуын алдын-ала (1-2 айдан, жарты, тіптен бір жыл бұрын) немесе келесі маусымға болжау.
Өсімдіктердің ауруларға иммунитеті – мәдени дақыл сорттарыныңауру қоздырғышымен тікелей жанасуына қарамастан,оған мүлде шалдықпауы, толық беріктік көрсетуі.
Өсімдік ауруларының инкубациялық мерзімі – ауру қоздырғышының өсімдік ұлпасына енген мерзімнен сырт белгілері байқалғанға дейінгі уақыт. Ауру түрлеріне және оның қоздырғыштарының ерекшеліктеріне байланысты бұл мерзім 1-2 тәуліктен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Облигатты паразит немесе тоғышар – тірі өсімдіктердің жасушалары немесе ұлпаларында ғана тіршілік етуге бейімделген ауру қоздырғыштары.
Факультативті паразит немесе тоғышар –тіршілігінің бір кезеңін ғана ғана тоғышар ретінде өткізетін,өсімдік қалдықтарында тіршілік етуге бейімделген микроағзалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет