Жапырақтар мен сабақбуынаралықтарында кездесетін аурулар.Ауа ағыны және жаңбыр тамшылары арқылы жұғатын аурулар көбінесе егісте біркелкі кездеседі. Олардың таралуы мен дамуын анықтау үшінтанаптың бір шетінен ортасына қарайәрбір 25-50 адымнан кейін 10 қайталап, әрқайсысы 10-15 сабақтан тұратын, қоса есептегенде 100-150 өсімдік үлгісі жиналады. Егер ауру егісте біркелкі таралған болса, танаптың бір бұрышынан, немесе шетінен 25-50 метрден кейін диагонал немесе үш бұрыш бойымен жүріп, әр 25-50 метрден бір үлгі алып отырса жеткілікті. Ауру егісте біркелкі таралмай, оның шағын немесе үлкен ошақтары болса, онда үлгілерді танаптың екі диагоналы бойынша алған жөн. Жапырақтар мен сабақтардың тат ауруларына шалдығу дәрежесін анықтау үшін Кобб өзгерткен Петерсон(сабақ және жапырақ таты), Русаков(жапырақ таты) және Маннерс (сары тат) ұсынған арнайы шкалалар қолданылады ( 4, 5-суреттер).
4-сурет Кобб өзгерткен Петерсонның сабақ және жапырақ таттарының даму қарқындылығын анықтауға ұсынған шкаласы
а б
5- сурет.Дәнді дақылдардың тат ауруларына шалдығу дәрежесін анықтауға арналған шкалалар: а – Русаковтікі (сары тат), б – Маннерстікі(жапырақ таты).
6- сурет. Жапырақтар мен масақтардың теңбілдену ауруларына (септориоз, гелминтоспориоз және т.б.) шалдығу дәрежесін анықтауға арналған шкалалар
Күздік және жаздық бидай егістерінде септориоз бен гельминтоспориоздыңтаралуын анықтаған кезде оларды саңырауқұлақтар қоздыратын теңбілдену аурулары ретінде біріктіріп есептеуге болады. Жапырақтар мен сабақ буынаралықтарының ауруға шалдығу дәрежесі 1, 5, 10, 25, 50 және 75%, масақтарды - 5, 10, 25 және 50% көрсеткіштерімен есептеледі (6 сурет).
Қаракүйе аурулары.Астық дақылдарының қаракүйе ауруларына шалдығу мөлшерін сорттық сараптау (апробация) жүргізгенде анықтауға болады. Бұл үшін танаптың диагоналы немесе шетінен үшбұрыш бойымен әр 25-50 метр сайын, 100 масақтан 10-15 қайталай, немесе 100 гектар егіс алқабынан 1000-1500 өсімдік мұхият тексеріледі. Қаракүйе түрлерімен қатар қастауыш ауруының бар-жоғы анықталады. Бидай мен арпаның тозаңды қаракүйелері өсімдіктер гүлдеген кезде анық байқалады, сондықтан оларды осы кезде есептеуге болады. Жүгері собықтарының көпіршіктенген және тозаңды қаракүйелерге шалдығуын анықтау үшін танаптың бірнеше алаңынан 10-20 қатардағы, әрқайсысынан 20-25, жалпы алғанда 200-500өсімдіктер тексеріледі. Фитосанитарлық сараптама нәтижелері әр танап үшін төменде келтірілген үлгі бойынша толтырылады.
11-кесте Дәнді дақылдар егісінің фитосанитарлық жағдайыжайлы мәлімет
Жағрафиялық координаттар СЕ (N)________ __ ШҰ ( EO) _____________ТДБ(H)_____ м
Ауылдықокруг___________________ Шаруашылық аты ________________________Дақыл__________ Сорт___________ Егіс көлемі______ га, Алғы дақыл __________________
Өсімдіктің өсу кезеңі_______ Қолданылған тыңайтқыш түрлері_______________________
Өсу кезеңінде қолданылған пестицидтер және мерзім________________________________
Ауру түрі*
|
Залалдануы (% немесе балл)
|
Тексерлген үлгілерде ауруға шалдыққан өсімдіктер саны
|
P
|
R
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
∑
|
∑ab
Х=
|
Тамыр шірігі
|
0
1-балл
2-балл
3-балл
4-балл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тат түрі жапырақ сабақ, сары), ақұнтақ, септориоз түрлері ,
гельминтоспориоз, ринхоспориоз және т.б. *
|
0
1%
5%
10%
25%
50%
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |