Қаракүйе:
Тозаңды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қатты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* Аурудың әр түрі бойынша есеп жеке-жеке жүргізіледі. Қара күйе ауруларының тек таралуы анықталады; тамыр шірігінің таралуы мен дамуы, тат, септориоз, ақұнтақ және т.б. үшін тексерілген мүшелердің ауруға шалдығу пайызы көрсетіледі.
P - аурудың таралуы, R - аурудың дамуы, балл
|
Вирус аурулары.Олардың таралуы мен дамуы дәнді дақылдар масақтанып немесе шашақ жайып, дән сүттеніп пісе бастаған кезеңде анықталады. Танаптың бір жағынан, немесе қарама-қарсы бұрыштарынан 10-15 рет қайталана1 шаршы метрдегі өсімдіктердің жалпы санымен қатар, ауруға шалдыққандары есептеледі. Бұл мақсатқа Г.М. Развязкина ұсынған шкаланы пайдалануға болады:
0 – ауру байқалмайды;
1 – жапырақтарда мозаика белгілерінің алғашқы нышаны байқалады;
2 – мозаика белгілері жапырақтарда айқын байқалады;
3 - ауруға шалдыққанөсімдіктердің бойы аласа, жапырақтары қатты алапестенген;
4 - өсімдіктер аурудан опат болған.
Ауру қоздырғыштарыме нтұқымның залалдануын анықтау.Себілуге арналған дәнді және басқа дақылдардың тұқымында инфекцияның бар-жоғы зертхана жағдайында анықталады. Тұқымның тазалығын тексергенде қаракүйе және қастауыш түйіршектерінің кездесуі белгілі салмақ өлшеміне, мәселен 100 г немесе 1 кг-ға есептеледі. Олармен қатар, тұқымның альтернариоз, гельминтоспориоз, фузариоз және т.б. ауруларға шалдығу дәрежесі тексеріледі. Бұл үшін тұқым тақта немесе қағаз үстіне жайылып, төрт диагонал бойымен үшбұрышқа бөлінеді, әрқайсысынан 100 дән саналып, А.Г. Тропованың шкаласы бойынша олардың ауруға шалдығу дәрежесі анықталады.
0 - тұқымда ауру белгісі байқалмайды;
0,5 балл – дәнектің ұрық жағы немесе қауызы аздап қоңырқай тартқан немесе қарайған;
1- балл – дәнек ұрығы айналасының 20-25% көлемі қоңырқай тартқан;
2- балл – дәнектің жартысына жуығы қоңырқай тартқан немесе қарайған;
3- балл - дәнектің жартысынан астам бөлігі қоңырқай немесе қарайған.
Саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын дәнді дақылдар тұқымдарында кездесетін ауруларды анықтау үшін ылғалды камера әдісі жиі қолданылады. Алдымен олар спиртпен 1-2 минут немесе 0,5%-ті KMnO4 ертіндісінде 10-20 минут зарарсыздандырылады. Сонан кейін тұқым стерилді сумен шайылып, Петри ыдысына төселген 2-3 қабат ылғалдандырылған сорғыш қағазға себіліп, термостатта 250С температурада 5-7 тәулік ұсталынады. Дәнек үстінде түзілген саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын өңез микроскоп немесе бинокуляр арқылы тексеріліп, ауру қоздырғышының түрі анықталады. Тұқым бактериямен залалданса,дәнек үстінде мөлдір немесе сарғылт тамшы пайда болады, кейде ол толығымен шырыштанады.
Дәнді дақылдар тұқымының қаракүйе және тағы да басқа патогендер инфекциясымен тозаңдану мөлшерін анықтау үшін центрифуга әдісі қолданылады. Бұл үшін 2-3 рет қайталана 100 дәнненсаналып алынады. Олар үлкен сынауыққа немесе кішірек колбаға салынып, үстіне 10 немесе 100 мл су құйылады. Тұқым 3-5 минут бойы қолмен немесе арнайы айналдырғыш құралда шайқалады. Шайынды судың 10 мл арнайы сынауыққа құйылып, центрифугада 1000-2000 айналыммен 5-10 минут айналдырылады. Одан кейін су төгіліп, түбінде қалған тұнбаға 0,5 мл су құйылады. Оның бір тамшысы зат әйнегіне 2-3 рет қайталана тамызылып, микроскоппен100-200 еседей үлкейтіліп, жабынды әйнектің барлық бөліктерін қамтитын 10 көру алаңы тексеріледі. 1 тұқымға келетін телиоспоралар саны төмендегі формула бойынша есептеледі.
Х = (А х К): 100,
Х – 1 дәнге келетін споралар саны, дана;
А - микроскоптың 1 көру алаңындағы споралардың орташа саны;
К - тұрақты коэффициент – жабынды әйнек көлеміндегі микроскоптың көру алаңдары мене 0,5 мл суспезиядағы тамшылар сандарының көбейтіндісі.
Микроскоптың көру алаңының санытөмендегі формула арқылы анықталады:
S = pR2
p – тұрақты сан - 3,14.
R – микроскоптың белгілі бір үлкейту мөлшеріне сай келетін көру алаңының диаметрі мкм немесе мк.
Мәдени дақылдар тұқымының патогендермен залалдануын анықтау үшін орама-қағаз әдісі жиі қолданылады. Дара жарнақты өсімдіктердің тұқымы 12-14 тәулік бойы 2 жапырақ, ал қосжарнақтылар – жарнақ немесе нағыз жапырақтаржайғанға дейін өсіріледі.
12-кесте Тұқымның инфекциямен залалдануын бума-қағаз әдісімен анықтау
Дақыл, сорт
және т.б.
|
Тұқым саны, дана
|
Қай-тала-нуы
|
Тұқым көрсеткіштері, дана
|
Ауруға шалдыққан өскіндер саны, %
|
өнгені
|
өнбегені
|
зеңденгені
|
тамыр шірігі
|
септориоз
|
т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тұқымның зеңденуі және өскіндердің ауруға шалдығу дәрежесі төмендегі шкала бойынша анықталады.
0 – өскіндер сау, ауру белгісі байқалмайды;
1 балл – өскіндерде ауру белгілері жоқ, тұқым үстінде саңырауқұлақтың жұқалау өңезі байқалады;
2 балл – тұқымда саңырауқұлақ өңезі, немесе бактерия экссудаты, өскіндерде ұсақ дақтар немесе сызықтар байқалады;
3 балл – өскіндердің өсуі кенжелеген, тұқымды саңырауқұлақ өңезі, немесе бактерия экссудаты толықтай басқан;
4 балл – тұқым шіріп, өскіндер апат болған.
13- кесте Дәнді дақылдар тұқымы мен топырақтың ауру қоздырғыштарымен залалдануының шекті көрсеткіштері
Дақыл
|
Ауру
|
Бақылайтын нысан
|
Анықтау тәсілі*
|
Залалдану мөлшері
|
Бидай,
қарабидай, тритикале
|
қатты қаракүйе
|
тұқым, телиоспоралар
|
Ц
|
100-500 дана
|
тозаңды қаракүйе
|
тұқым, мицелий
|
ГК
|
0,5-1,0%
|
қатты, ергежейлі, тозаңды қаракүйелер
|
егісте, масақ
|
сорттық сұрыптау
|
0,1-0,5%
|
гельминтоспориоз
|
тұқым
|
ЫК, БҚ
|
5-10%
|
фузариоз
|
тұқым
|
ЫК, БҚ
|
5-10%
|
септориоз
|
тұқым
|
БҚ
|
5-10%
|
Арпа
|
тас қаракүйе
|
тұқым-телиоспоралар
|
Ц
|
75-100 дана
|
жалған тозаңды қаракүйе
|
тұқым-телиоспоралар
|
Ц
|
75-100 дана
|
тозаңды қаракүйе
|
тұқым-мицелий
|
ГК
|
0,5-1,0%
|
қаракүйенің барлық түрі
|
егісте масақ
|
сорттық сұрыптау
|
1% -ға дейін
|
гельминтоспориоз
|
тұқым
|
ҚР
|
5-10%
|
Тары
|
жабық қаракүйе
|
тұқым-телиоспоралар
|
Ц
|
50-100 дана
|
тұқым меланозы
|
тұқым
|
ЫК
|
5-10%
|
Сұлы
|
жабық және тозаңды қаракүйе
|
тұқым-телиоспоралар, шашақтың залалдануы
|
Ц
|
78-100 дана тұқым
|
Жүгері
|
тозаңды және толарсақты қаракүйе
|
тұқым және топырақ
|
сорттық сұрыптау
|
0,1-0,2%
|
Барлық дақылдар
|
тұқым зеңденуі
|
тұқым
|
ЫК
|
5-10%
|
Ц- центрифуга әдісі; ГК- гистологиялық кесінділер; ЫО - ылғалды орта немесе камера; БҚ - бума қағаз і
|
Топырақта кездесетін ауру қоздырғыштарының инфекция қорын анықтау. Канада ғалымдары Ледингам мен Чин ұсынған әдістеме топырақта кездесетін кәдімгі тамыр шірігі ауруының қоздырғышы– Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағының санын флотация әдісімен анықтауға арналған. Бұл үшін әр танаптың 8-10 алаңынан топырақтың беткі қабатынан (5-20 см) 1-2 кг үлгі жиналады. Олардың әрқайсысы диаметрі 1 мм елегіштен өткізіліп, 6-8 қайталана10 грамнан өлшенеді. Әр үлгі сыйымдылығы 50 мм цилиндрге немесе колбаға салынып, 5 мл минералды май қосылып, мұқият араластырылады, содан кейін үстіне 30 мл су құйылады. Сынауық қолмен немесе арнайы құралда белгілі бір жылдамдықпен (минутына 1000-1500 айналым) 7-10 минут шайқалады. Суспензия 1-1,5 сағат тұнғаннан кейін, бетіндегі эмульсиядан 0,01 мм зат әйнегіне тамызылып, бинокулярмен немесе микроскоппен 25-50 есе үлкейтіліп қаралады. Арнайы есептеулер арқылы 1 г топырақтағы ауру қоздырғышының конидиялар саны анықталады. Осы әдісті пайдалана отырып, топырақта кездесетін конидиялары ірілеу келетін Helminthosporium, Drechslera, Alternaria және т.б. басқа саңырауқұлақтардың споралар санын білуге болады.
Топырақта тіршілік ететін жартылай паразиттер мен сапрофитті микроағзалар тобын, солардың ішінде Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтарды анықтау үшін, Чапек, Чапек-Докс және т.б. жасанды қоректік орталары жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |