Қызанақ жемісі ұшының қараюы. Суғару тәртібінің бұзылуынан болатын жұқпайтын ауру. Пісіп келе жатқан жемістердің жоғарғы ұшы ақшыл тартады, біртіндеп, дөңгелектеу ойысқоңырқай даққа айналады. Олардың тауарлық сапасы төмендейді, сапрофитті ағзалардың мекендеуінен тез шіріп кетеді.
Бұрыштың шырынды немесе сулы шіруі. Қоздырғышы - Pseudomonas solanacearum Smith. Пісуге жақындаған немесе жиналған жемістерде суланған сияқты қоңырқай немесе сұрғылт дақтар байқалып, олар толық шіріп кетеді. Бактерия талғампаз емес, қосжарнақты өсімдіктерді, әсіресе алқа тұқымдастардың біраз түрлерін залалдайды. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады.
Қырыққабат аурулары
Бұл дақыл барлық өңірлерде өсіріледі. Оның аса кең таралған, зиянды ауруларынашырынды және түтікше бактериоздары, саңырауқұлақтар қоздыратынпероноспороз, фомоз, ризоктониоз, тамырісігі немесе обыры және т.б. жатады.
Өскіндер ризоктониозы және питиозы. Қоздырушылары - Rhizoctonia solani Kuhn. Deuteromycota класының Стерильді мицелийлер қатарынан, Оomycotaкласының Phythium debarianum Hess. және топырақта тіршілік ететін т.б. саңырауқұлақтар. Ризоктониозды және питиозды тамыр шіріктерібір-бірінен ауру қоздырғыштарының ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің тамыр мойыны қоңырқай тартып, жіңішкеріп, бунақталуынан өскіндер солып, опат болады. Оларды ылғалды ортада ұстасақ саңырауқұлақ өңезі түзіледі.R. solani мицелийлері өрмекші торы сияқты селдір, сұрғылт, ені 6-10 мкм, көлденең перделермен бөлінген,күзге қарай қалың қабықшамен көмкерілген склероцийлерге немесе қарамыққа бөлшектенеді.Ph. debarianum мицелийлері тарамдалған, пердесіз, алдымен ішінде зооспоралары бар зооспорангийлер, кейінірек көлденеңі 12-20 мкм жететін ооспоралар түзеді. Көшетханада және көшеттер танапқа отырғызылғаннан кейін топырақ температурасы төмен, ылғалдылығы жоғары болып, ұзақ жауған жаңбырдан оның беткі қабатының қабыршақтануынан өскіндер жақсы тамырланбай солып, опат болады, тығыздығы төмендейді. Аталған саңырауқұлақтар қосжарнақты өсімдіктердің 100-ден аса түрін залалдауы мүмкін. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта ооспоралар, склероций немесе қарамық ретінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |