Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Макроспориоз және альтернариоз



бет108/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Макроспориоз және альтернариоз. Қоздырғыштары –Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жататынMacrosporium solani Ell. еt Mart. және Alternaria solany. Макроспориоз соңғы жылдары қызанақтың кең таралған, зияндылығы жоғары ауруына айналды. Оның белгілері өсімдіктің барлық мүшелерінде байқалады. Төменгі жапырақтардан басталатын шеңберленген дөңгелектеу қоңырқай дақтар тез ұлғайып, бір-бірімен ұласуынан жеке бұташалар сарғайып, біртіндеп қурай бастайды. Сабақтар мен жеміс сағақтарында жіңішкелеу, қоңырқай ұзынырақ жолақтар мен шытынаған жарықшақтар байқалады. Ауру қатты өршіген жағдайда жеке бұташалар, кейде тіптен өсімдіктер толық қурап, опат болады. Жемістерде байқалатын дөңгелектеу қоңырқай ойыс дақтардың үстінде жаңбырдан кейін, немесе ауа ылғалдылығы жоғары болса, саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын күңгірт-жасыл немесе қара өңез түзіледі. Конидиялардың реңі қоңырқай, күңгірт -зәйтүн,пішіні сопақтау, түйрегіш немесе алмұрт тәрізді, тік және көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 150-200 х 15-20 мкм, ұзынырақмойыны бар. Жаз бойы олар бірнеше ұрпақ береді, өсімдіктердің өсу кезеңінде инфекция ауа ағыны және жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Ол тұқымда сақталып, көшеттермен таралуы мүмкін, шірімеген өсімдік қалдықтарында қыстап шығады .
Септориоз немесе ақшыл теңбіл. Қоздырғышы - Septoria lycopersici Speg. Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жатады. Ауру көшетхана және ашық танаптарда жаз айларының бас кезінде жиі кездеседі. Қызанақтың төменгі жапырақтарында дөңгелектеу,кішілеу ақшыл-сұр дақтар,олардың ортасында көлденеңі 150-200 мкм жететін пикнидалар, ішінде сәл иілген, бір ұшы жуанырақ, 5-10 көлденең перделермен бөлінген конидиялар түзіледі. Ауру біртіндеп орта және жоғары деңгейдегі жапырақтарда, олардың сағақтары мен сабақтарындабайқалады, жемістерде сирек кездеседі. Кеселге қатты шалдыққан өсімдіктер солып, мезгілінен ерте қурайды. Инфекция шірімеген өсімдік қалдықтарында түзілетін пикнидаларда сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет