Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Жапырақтардың қоңырқай теңбілі



бет109/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Жапырақтардың қоңырқай теңбілі . Қоздырғышы – Сladosporium fulvum Cook. Deuteromycota класының Монилиялылар қатарына жатады. Бұл ауру үлбірмен жабылған жылыжайларда жиі кездеседі. Жапырақтарда дөңгелектеу, кейде сопақ,ортасы ақшылдау дақтар байқалады. Олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратынкүңгірт –жасыл өңез пайда болады. Арнайы сағақтарда орналасқан конидиялар эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, 1-4 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 10-28 х4-7 мкм. Жылыжайтемпературасы жиі ауытқып, жапырақтарда тамшы ылғал ұзақ сақталуы аурудың дамуын өршіте түседі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Ақ шірік. Қоздырушысы - Sclerotinia libertiana Fusk. Дейтеромикота класының Стерильді мицелийлер қатарына жатады. Ауру көбінесе жылыжайларда кездеседі,белгілері қызанақ сабақтарының төменгі буынында, кейде жапырақ қынапшаларында байқалады. Залалданған ұлпа суланып, күңгірт –жасыл тартады, көп ұзамай онысаңырауқұлақ мицелийлерінен тұратын мақта тәріздес өңез басады. Сабақ өзекшесінде қалың қабықшамен көмкерілген склероцийлер немесе қарамықтар түзіледі. Өсімдіктер жиі отырғызылған, суық немесе салқын сумен суғарылған, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары жылыжайларда бұл ауру жиірек кездеседі. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта ұзақ мерзімге дейін сақталады.
Бактериялы қара теңбіл. ҚоздырғышыXanthomonas campestris pv. vesicatoria Dye. Бактериялар таяқша тәріздес,бір жасушалы, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды, талшықтары арқылы сұйық ортада қозғалады. Картоп агарында беті жылтыр, шеті біртегіс дөңгелектеу,реңі күңгірт-сары шоғырлар түзеді. Ауру белгілері қызанақтың барлық мүшелерінде байқалады. Жарнақжапырақтарда жүйкені бойлай орналасқан ұсақ қара теңбілдер, нағыз жапырақтарда - күн көзіне тосса жарық өткізетін,майланған сияқты дақтар байқалады. Жапырақ сағақтары мен сабақтарда созылған қоңырқай жолақтар, жемістерде шұңғыл дақтар немесе жарықшақтар түзіледі. Қызанақтың өсу кезеңінде ауру қоздырғышы ауа ағыны, жаңбыр тамшылары, жұмыс құралдарыжәне бунақденелілер арқылы тезтаралады. Инфекция қызанақ тұқымында, алқа тұқымдас және т.б. қосжарнақты мәдени дақылдар мен арамшөптердің жиын-теріннен кейінгі қалдықтарында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет