Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Өсу кезеңінде фунгицид қолдану



бет102/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Өсу кезеңінде фунгицид қолдану. Фитофтороз, альтернариоз, фомоз және т.б. жаңбыр тамшылары және ауа ағыны арқылы таралатын аурулар эпифитотия дәрежесіне дейін даму қатері туындаған жағдайда егісті фунгицидпен бүрку қажет.Республика аумағынында картоп фитофторозына қарсы қолдануға антракол МЦ 69 с.д.к.(2,2-3 кг/га) , балеар 72 с.к. (1,5-2,0 л/га), браво 500 с.к. (2,5-3 кг/га),ридомил голд МЦ, 68% с.ұ. (2-2,5 кг/га)фунгицидтері тіркелген. Макроспориоз және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы купроксат тиімді, жәнеде метаксил с.п. (2,0-2,5 кг/га), ратамил, 72 с.ұ. (2,5 кг/га) ұсынылған.Аурулардың таралу мерзімі және даму қарқынына байланыстыкартоп егісі фунгицидпен 15- 20 тәуліктен кейін 1-2, кейде 3 рет бүркіледі. Аурулардың алдын алу үшін бірінші бүрку өсімдіктердің шанақтану-гүлдеу кезеңінде жүргізілгені жөн.Вирус ауруларының тасымалдаушысы бунақденелілер екенін ескере отырып, өсімдік биттері мен қандалалар, цикадалар және т.б. қарсы инсектицидтер қолдану қажет.
Фитосанитарлық тазарту және түйнектерді қоймада сақтау. Бірінші жұмыс картоптың өсу кезеңінің соңына қарай жүргізілуі қажет. Танапта аурулардың, әсіресе фитофтороз, шірік түрлері, нематодоздар бар-жоғы анықталады. Олар бірен-саран түптерде, немесе шағын ғана ошақта кездесетін болса,залалданған жерлерді бөлек жиған жөн. Пәлектер толық қурамаса, жиын-теріннен 7-10 тәуліктей бұрын орылып, танап шетіне шығарылады. Жиналған түйнектер топырақтан тазартылып кептіріледі, сұрыпталып, кесілген, шірікке шалдыққандарынан тазартылады. Үсікке ұрынған түйнектер суланып тез шіріп кетеді. Сонан кейін сұрыпталған түйнектер зарарсыздандырылған(мыс купоросы ертіндісі немесе әк) қоймаға ұзақ мерзімге сақтауға құйылады. Оның ауасын ауық-ауық желдетіп, температурасын+2-30 С аралығында ұстау қажет.Сақтау кезінде 1-2 рет тексеріліп, шіріген түйнектер кездессе, тазартылады.
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтар.
Картоптың саңырауқұлақтар қоздыратын аурулары және қоздырғыштарының жіктелуіне тоқтал?
Фитофтороз, макроспориозжәне альтернариоз аурулары мен қоздырғыштарының қандай ерекшеліктерін білесің?
Картоптың ризоктониозы, фузариозды және вертициллезды солу аурулары мен олардың қоздырғыштарын бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Өсу кезеңінде картоп түйнектері саңырауқұлақтар мен актиномицеттер қоздыратын қандай ауруларға шалдығады, олардың негізгі белгілері?
Бактериялар қоздыратын картоптың қандай ауруларын білесің? Олардың негізгі белгілері мен инфекцияларының сақталу және таралу жолдары?
Картоптың вирустар мен вироидтар қоздыратын ауруларына тоқтал? Олардың қоздырушыларыжәне бір-бірінен айырмашылығы?
Картоптың дөңгелек құрттардантуындайтын аурулары және олардың негізгі белгілері? Қайсысы карантинді нысанға жатады
Картоптың қоршаған ортаның қолайсыздықтары мен макро және микроэлементтер жетіспеуінен туындайтын қандай ауруларын білесің және олардың негізгі белгілері?
Картоп түйнектері қоймада сақтау кезінде қандай ауруларға шалдығады, олардың дамуын тежеу үшін қандай шаралар қолданыладыі себептері?
Картоп түйнектерін саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратын аурулардан айықтыру үшін қандай шаралар қолданылады?
Картоптың негізгі ауруларының таралуы мен дамуын шектеуде алғы дақыл қандай рөл атқарады?
Картоптың саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларына қарсы қандай фунгицидтер қолданылады? Оларды қолданудың оңтайлы мерзімі мен жиілігі?
Вирус ауруларының тасымалдаушысына қарсы қандай шаралар қолдану қажет?



а б
22- сурет. Картоп фитофторозы (а), макроспориозы немесе альтернариозы (б )

а б
23 -сурет. Картоптың вирус ауруына 24- сурет Ауруға шалдыққан және сау шалдыққан және сау жапырақтары өсімдіктер өнімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет